Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Уәкілетті органның әскери басқару органдарымен өзара іс-қимылы



бет18/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   626
23-бап. Уәкілетті органның әскери басқару органдарымен өзара іс-қимылы

      РҚАО-ның ескертпесі!


      23-бап 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.

24-бап. Екінші деңгейдегі банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың мiндеттерi

      Екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар:

      1) бейрезидентті қоса алғанда, салық төлеуші - заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлімшелеріне, дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға, шетелдік пен азаматтығы жоқ адамға банктік шоттар ашқан не Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 60-1, 61-2, 61-11, 61-12-баптарында көзделген жағдайларда банктік шоттағы жеке сәйкестендіру коды өзгерген кезде көрсетілген шоттардың ашылғаны не өзгергені туралы олар ашылған не өзгерген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, хабарлардың кепілдікпен жеткізілуін қамтамасыз ететін телекоммуникациялар желісі арқылы беру жолымен уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.

      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерін, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін, арнайы қаржы компаниясының облигацияларын шығаруды қамтамасыз ету болып табылатын активтерді және инвестициялық қордың активтерін сақтауға арналған банктік шоттар, бейрезидент-заңды тұлғалардың, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жинақ шоттары, шетелдік корреспондент-банктердің корреспонденттік шоттары, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді алуға арналған банктік шоттар, нотариус депозиті шарттарында ақшаны есепке жатқызуға арналған ағымдағы шоттар, эскроу-шоттар, "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттар бойынша хабарлама талап етілмейді.

      Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың осы баптың осы тармақшасында және 4), 6), 8), 11), 13) және 15) тармақшаларында көзделген міндеттерді орындауы мақсатында оларға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган айқындаған тәртіппен салық төлеушілер, оның ішінде дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар туралы ақпарат беріледі.

      Көрсетілген шоттардың ашылғаны не өзгергені туралы телекоммуникациялар желісі арқылы хабардар ету техникалық проблемалардың салдарынан мүмкін болмаған кезде хабарлама салық төлеушінің орналасқан (тұрғылықты) жеріндегі салық органына үш жұмыс күні ішінде қағаз жеткізгіште жіберіледі;

      2) Қазақстан Республикасының ақпарат алмасу туралы халықаралық шартына сәйкес телекоммуникациялар желiсі арқылы уәкілетті органға банктік шоттардың бар екендігі және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары туралы мәліметтерді, сондай-ақ өзге мүліктің, оның ішінде металл шоттарда орналастырылған немесе бейрезидент-жеке тұлғалардың, бейрезидент-заңды тұлғалардың, сондай-ақ бейрезиденттер бенефициарлық меншік иелері болып табылатын заңды тұлғалардың басқаруындағы өзге мүліктің бар екендігі, түрі және құны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде ұсынуға;

      3) уәкілетті органның сұрау салуы бойынша банктік шоттардың бар екендігі және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары туралы мәліметтерді, сондай-ақ өзге мүліктің, оның ішінде металл шоттарда орналастырылған немесе шет мемлекеттiң уәкілетті органының Қазақстан Республикасының ақпарат алмасу туралы халықаралық шартына сәйкес жіберген сұрау салуында көрсетілген жеке және заңды тұлғалардың басқаруындағы өзге мүліктің бар екендігі, түрі және құны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде ұсынуға;

      4) салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді, әлеуметтік төлемдерді төлеу үшін төлем құжаттарын қабылдау кезінде сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру қағидаларына сәйкес сәйкестендіру нөмірінің дұрыс көрсетілуін тексеруге міндетті.

      Төлем құжатында көрсетілген сәйкестендіру нөмірі сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыруды және сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жүргізуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның деректерімен сәйкес келмеген не ол болмаған жағдайларда, екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар мұндай төлем құжатын орындаудан бас тартады.

      Осы тармақшаның бірінші және екінші бөліктерінің ережелері осы Кодекстің 189-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген бюджетке төленетін төлемдерді шетелдік және азаматтығы жоқ адам төлеген кезде қолданылмайды;

      5) жеке тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығын төлеу бойынша төлем құжатында көрсетілген жеңіл және жүк автомобильдерінің, автобустардың сәйкестендіру нөмірі жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган ұсынған деректерге сәйкес келмеген жағдайда, төлем құжатын орындаудан бас тартуға міндетті.

      Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган ұсынған деректерде көлік құралының сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда, екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жеке тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығын төлеуге арналған төлем құжатын орындаудан бас тартуға құқылы емес.

      6) салық төлеушіге осы баптың 1) тармақшасында көрсетілген банктік шоттарды жабу кезінде олардың жабылғандығы туралы уәкілетті органды сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, олардың жабылған күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, хабарлардың кепiлдік беріліп жеткiзiлуін қамтамасыз ететін телекоммуникациялар желісі арқылы хабардар етуге міндетті.

      Көрсетілген шоттардың жабылғандығы туралы телекоммуникациялар желісі бойынша хабардар ету техникалық проблемалар салдарынан мүмкін болмаған кезде хабарлама салық төлеушінің орналасқан (тұрғылықты) жеріндегі салық органына үш жұмыс күні ішінде қағаз жеткізгіште жіберіледі;

      7) дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаға берiлген кредит (қарыз) бойынша сыйақыны есепке жазуды тоқтата тұру арқылы осындай сыйақы түріндегі кiрiстердi тану тоқтатылған кезде, бұл туралы осы Кодекстiң 314-бабына сәйкес айқындалатын, уәкілетті орган белгiлеген нысан бойынша мұндай тану тоқтатылған есептi салықтық кезеңнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей уәкiлеттi органды хабардар етуге;

      8) клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыру үшін клиенттің банктік шоттардағы ақшасы жеткілікті болған кезде, бірінші кезектегі тәртіппен банктік шоттан салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді төлеу бойынша салық төлеушінің төлем тапсырмаларын орындауға міндетті. Салықтық берешек сомасын өндіріп алу туралы салық органдарының инкассалық өкімдерін де осындай тәртіппен салық органдарының нұсқауы алынған күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірілмей орындауға міндетті.

      Клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыру үшін банктік шоттарда ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда, екінші деңгейдегі банк ақшаны Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде айқындалған кезектілік тәртібімен салықтық берешекті өтеу есебіне алып қоюды жүргізеді;

      9) салықтардың, бюджетке төленетiн төлемдердiң және әлеуметтік төлемдердің сомаларын:

      төлем карточкасы пайдаланылып төлем жүргізілген жағдайларды қоспағанда, салық төлеуші оларға бастамашылық жасаған күні;

      төлем карточкасы пайдаланылып төлем жүргізілген жағдайларда салық төлеушінің банктік шотынан ақшаны есептен шығарған күннен бастап бір операциялық күннен кешіктірмей;

      операциялық күннің ішінде, бірақ екінші деңгейдегі банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың кассасына қолма-қол ақша енгізілген не екінші деңгейдегі банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық терминалдары арқылы қолма-қол ақша енгізілген күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей аударуға;

      10) дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған, тексерілетін жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның банктік шоттары бойынша ақшасының бар-жоғын және жасалатын операцияларын тексеруге салық органдарының лауазымды адамын нұсқамасы болған кезде жіберуге;

      11) осы Кодексте көзделген жағдайларда, салық органының шешімі бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен, осы Кодекстің 118-бабы 2-тармағының ережелерін ескере отырып, дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның, заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің немесе қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің корреспонденттік шоттарды қоспағанда, банктік шоттарындағы барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға;

      12) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес міндеттеме тоқтатылған күнге дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлға немесе заңды тұлға болып табылатын қарыз алушыға берiлген кредиттер (қарыздар) бойынша мiндеттемелер тоқтатылған кезде қарыз алушының орналасқан (тұрғылықты) жеріндегі салық органын күнтізбелік отыз күн ішінде тоқтатылған міндеттеменің мөлшері туралы хабардар етуге міндетті.

      Осы тармақшаның бірінші бөлігінің ережелері міндеттеме орындау жолымен тоқтатылған кезінде қолданылмайды;

      13) салық органының сұрау салуын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде:

      салық салуға байланысты мәселелер бойынша тексерілетін заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      13) тармақшаның бірінші бөлігінің үшінші абзацы 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен (мәтін алып тасталды).

      салық салуға байланысты мәселелер бойынша, дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған тексерілетін жеке тұлғаның;

      осы Кодекстің 59 және 66-баптарына сәйкес қызметі тоқтатылған кезде салықтық міндеттемені орындаудың ерекшеліктері қолданылатын дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның, заңды тұлғаның;

      тұратын жерінде іс жүзінде болмауы осы Кодекстің 70-бабында айқындалған тәртіппен расталған және салықтық есептілікті ұсынудың осы Кодексте белгіленген мерзімінен кейін, осы Кодексте көзделген жағдайларда осындай мерзімді ұзарту кезеңін қоспағанда, алты ай өткенге дейін оны ұсынбаған, дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның, заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің;

      осы Кодекстің 48-бабының 2-тармағында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімінен аспайтын уақыт кезеңі үшін, осы Кодекстің 67-бабына сәйкес дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған жеке тұлғаның;

      туындаған күнінен бастап төрт ай бойы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10 000 еселенген мөлшерінен асатын мөлшерде өтелмеген салықтық берешегі бар заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган айқындаған тәртіппен дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған әрекет етпейтін жеке тұлғаның, заңды тұлғаның;

      Қазақстан Республикасының заңында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттың депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидат ретінде тіркелген адамның және оның жұбайының (зайыбының);

      мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындаумен байланысты лауазымға кандидат болып табылатын адамның және оның жұбайының (зайыбының);

      өз өкілеттіктерін орындаған кезеңде мемлекеттік қызметті атқаратын адамның және осы кезеңде оның жұбайының (зайыбының);

      жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның банктік шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары және қозғалысы туралы мәліметтер ұсынуға міндетті.

      РҚАО-ның ескертпесі!


      13) тармақшаның екінші бөлігі 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.

      Сегізінші абзацын қоспағанда, осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген мәліметтер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу арқылы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша ұсынылады;

      14) 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.

      15) корреспонденттік шоттарды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақыларды, алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) алуға арналған банктік шоттарды, сондай-ақ "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттарды қоспағанда, мыналарға:

      осы Кодекстің 91-бабында айқындалған тәртіппен әрекет етпейтін деп танылған салық төлеушіге;

      осы екінші деңгейдегі банкте ашылған, салық органдары инкассалық өкімдер немесе салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдер шығарған банк шоты бар салық төлеушіге;

      салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар салық төлеушіге банктік шоттар ашудан бас тартуға міндетті.

      Осы тармақшаның бірінші бөлігінің ережелері Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасына сәйкес екінші деңгейдегі банктердің активтері мен міндеттемелерін бір мезгілде беру жөніндегі операциялардың шеңберінде екінші деңгейдегі банк берген банктік шоттардың орнына банктік шоттарды және оларды қайта ұйымдастыру шеңберінде оны біріктірген жағдайда екінші деңгейдегі банк берген банктік шоттардың орнына құқық мирасқоры - банк ашатын банктік шоттарды бас банк немесе сатып алушы-банк ашқан кезде қолданылмайды;

      16) коллекторлық қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер бойынша құқықтың (талап етудің) өту жағдайларын қамтитын шарттар жөніндегі мәліметтерді көрсетілген салық төлеушілердің орналасқан жеріндегі салық органына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу арқылы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша тоқсаннан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей ұсынуға;

      17) осы Кодекстің 88-бабы 1-тармағының 10) тармақшасында көзделген қызмет бойынша тіркеу есебінде тұрған салық төлеушілер бойынша банктік шоттардың бар екені және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде ұсынуға міндетті;

      Осы баптың мақсаттары үшін мемлекеттік мекемелердің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған шоттары банктік шоттарға теңестіріледі, ал бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға теңестіріледі.

      Осы баптың бірінші бөлігінің 7), 12), 13) және 16) тармақшаларында көзделген есептер мен мәліметтер телекоммуникациялар желісі арқылы ұсынылады. Техникалық проблемалардың салдарынан оларды телекоммуникациялар желісі арқылы ұсыну мүмкін болмаған жағдайда, көрсетілген есептер мен мәліметтер қағаз жеткізгіште жіберіледі.

      Екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар осы Кодекске сәйкес ұсынатын мәліметтерді салық органдары уәкілетті орган айқындаған тәртіппен пайдаланады.

      Ескерту. 24-бапқа өзгерістер енгізілді– ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет