Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Бірлескен қызметті жүзеге асыру



бет166/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   626
199-бап. Бірлескен қызметті жүзеге асыру

      1. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, бірлескен қызметті жүргізу туралы уағдаластық не заңды тұлғаны құрмай бірлескен қызмет туралы шартқа екі және одан да көп қатысушыны көздейтін өзге де уағдаластық (бұдан әрі – бірлескен қызмет туралы шарт) болған жағдайда, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер осы Кодексте айқындалған тәртіппен бірлескен қызмет туралы шартқа әрбір қатысушы бойынша тиісінше ескеріледі және оларға салықтар салынады.

      2. Бірлескен қызмет туралы шартқа әрбір қатысушы өзінің қатысу үлесіне қатысты, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін бірлескен қызмет бойынша активтерді, міндеттемелерді, кірістер мен шығыстарды есепке алуды өзі дербес жүргізеді.

      3. Бірлескен қызмет туралы шартта салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін бірлескен қызмет бойынша активтерді, міндеттемелерді, кірістер мен шығыстарды бөлу тәртібі болмаған жағдайда, бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылар алғашқы салықтық есептілікті ұсынғанға дейін бірлескен қызмет бойынша салықтық есепке алу саясатын әзірлейді және бекітеді, онда осындай тәртіп және бірлескен қызмет нәтижесінде туындайтын салықтық міндеттеме көрсетіледі.

      4. Бірлескен қызмет туралы шартта, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың осындай қызмет немесе оның бір бөлігі бойынша салықтық есепке алуды жүргізуге жауапты уәкілетті өкілі айқындалуы мүмкін.

      5. Бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың уәкілетті өкілі бірлескен қызмет немесе оның бір бөлігі бойынша активтерді, міндеттемелерді, кірістер мен шығыстарды салық мақсатына орай осы уәкілетті өкілдің өзге қызметі бойынша активтерінен, міндеттемелерінен, кірістері мен шығыстарынан жеке есепке алады.

      6. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін бірлескен қызмет бойынша активтерді, міндеттемелерді, кірістер мен шығыстарды бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылар арасында бөлуді бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылар және (немесе) егер болса, олардың уәкілетті өкілі бірлескен қызмет туралы шартта айқындалған тәртіппен әрбір салықтық кезеңнің қорытындылары бойынша жүзеге асырады.

      Егер бірлескен қызмет туралы шарт талаптарында және (немесе) бірлескен қызмет бойынша салықтық есепке алу саясатында салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін активтерді, міндеттемелерді, кірістер мен шығыстарды бөлу тәртібі белгіленбесе, бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылар және (немесе) егер болса, мұндай қатысушылардың уәкілетті өкілі көрсетілген бөлуді бірлескен қызмет туралы шартқа сәйкес қатысу үлестеріне пропорционалды жүзеге асырады.

      Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін активтерді, міндеттемелерді, кірістер мен шығыстарды бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылар арасында бөлу нәтижелері жазбаша түрде ресімделуге, оған бірлескен қызмет туралы шартқа барлық қатысушы және (немесе) егер болса, олардың уәкілетті өкілі қол қоюға, сондай-ақ мөрлермен бекітілуге (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайда олар болған кезде) тиіс. Активтерді, міндеттемелерді, кірістер мен шығыстарды бөлу нәтижелері туралы құжатты бірлескен қызмет туралы шартқа әрбір қатысушы салықтық тексеруді жүргізу кезінде салық органдарына ұсынады.

      Бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың уәкілетті өкілінде, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, активтерді, міндеттемелерді, кірістер мен шығыстарды бөлу соның негізінде жүзеге асырылған барлық құжаттың көшірмелері болуға тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет