Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Сыйақы бойынша шегерім



бет208/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   626
246-бап. Сыйақы бойынша шегерім

      1. Осы баптың мақсаттары үшін мыналар сыйақылар болып танылады:

      1) осы Кодекстің 1-бабының 62) тармақшасында айқындалған сыйақылар;

      2) өзара байланысты тараптар арасындағы кредит (қарыз) шарты бойынша тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл);

      3) өзара байланысты тарапқа берілетін кепілдік үшін төлемақы.

      2. Егер осы баптың 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, шегерімге жатқызылуға жататын сыйақы сомасы осы Кодекстің 192-бабының 2-тармағына сәйкес есепке жазу әдісі бойынша айқындалады.

      3. Осы Кодекстің 250-бабының 1 және 6-тармақтарына сәйкес шегерімге жатқызылуға жататын провизияларды (резервтерді) құруға құқылы тұлғаға және (немесе) осы Кодекстің 233-бабының 2-тармағында көрсетілген тұлғаға міндеттемелер бойынша сыйақылар салық төлеуші немесе үшінші тұлға осындай салық төлеушінің міндеттемелері есебіне іс жүзінде төлеген: 

      1) есепті салықтық кезеңде салық төлеуші есепті салықтық кезеңде және (немесе) есепті салықтық кезеңнің алдындағы салықтық кезеңдерде шығыстар деп таныған шығыстар сомасы шегіндегі;

      2) есепті салықтық кезеңнің алдындағы салықтық кезеңдерде салық төлеуші есепті салықтық кезеңде шығыстар деп таныған шығыстар сомасы шегіндегі мөлшерде шегерімге жатқызылуға жатады.

      4. Сыйақыны шегеру осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген ережелер ескеріле отырып, мынадай формула бойынша есептелетін сома шегінде жүргізіледі:

      (А+Д)+(КС/МС) х (ШК) х (Б+В+Г),

      мұнда:

      А – Б, В, Г, Д көрсеткіштеріне енгізілген сомаларды қоспағанда, сыйақы сомасы;

      Б – Д көрсеткішіне енгізілген сомаларды қоспағанда, өзара байланысты тарапқа осы баптың 3-тармағының ережелері ескеріле отырып төленген (төленуге жататын) сыйақы сомасы;

      В – Б көрсеткішіне енгізілген сомаларды қоспағанда, осы Кодекстің 294-бабына сәйкес айқындалатын жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғаларға осы баптың 3-тармағының ережелері ескеріле отырып төленген (төленуге жататын) сыйақы сомасы;

      Г – В көрсеткішіне енгізілген сомаларды қоспағанда, осы баптың 3-тармағының ережелерін ескере отырып, Г1 және Г2 көрсеткіштерінің сомасы;

      Г1 – өзара байланысты тараптың депозитімен берілген қарыздар бойынша тәуелсіз тарапқа төленген (төленуге жататын) сыйақы сомасы;

      Г2 – есепті салықтық кезеңде өзара байланысты тарап кепілдік, кепілгерлік немесе өзге қамтамасыз ету нысаны бойынша міндеттемелерді орындаған (қарыз бойынша төлемдерді жүзеге асырған) жағдайда, өзара байланысты тараптардың қамтамасыз етілген кепілдігімен, кепілгерлігімен немесе өзге қамтамасыз ету нысанымен берілген қарыздар бойынша тәуелсіз тарапқа төленген (төленуге жататын) сыйақы сомасы;

      Д – Қазақстан Республикасында құрылған кредиттік серіктестік беретін, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банк беретін кредиттер (қарыздар) үшін сыйақы сомасы;

      ШК – шекті коэффициент;

      КС – меншікті капиталдың орташа жылдық сомасы;

      МС – міндеттемелердің орташа жылдық сомасы.

      А, Б, В, Г, Д сомаларын есептеу кезінде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес құрылыс объектісінің құнына енгізілетін сыйақылар алып тасталады. Өзара байланысты болып табылмайтын тарап осы баптың мақсаттары үшін тәуелсіз тарап деп танылады.

      5. Осы баптың 4-тармағының мақсаттары үшін:

      1) меншікті капиталдың орташа жылдық сомасы меншікті капиталдың есепті салықтық кезеңнің әрбір айының соңындағы орташа арифметикалық сомасына тең. Меншікті капиталдың орташа жылдық сомасының теріс мәні осы баптың мақсаттары үшін нөлге тең деп танылады;

      2) міндеттемелердің орташа жылдық сомасы міндеттемелердің есепті салықтық кезеңнің әрбір айындағы орташа арифметикалық ең үлкен сомасына тең. Міндеттемелердің орташа жылдық сомасын есептеу кезінде мыналар:

      салықтар және бюджетке төленетін төлемдер;

      жұмыскерлердің жалақысы және өзге де кірістері;

      өзара байланысты тараптан алынатын кірістерді қоспағанда, болашақ кезеңдердің кірістері;

      сыйақылар мен комиссиялар;

      дивидендтер;

      бухгалтерлік есепке алуда халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес есепке жазылған бағалау міндеттемелері бойынша есепке жазылған міндеттемелер есепке алынбайды;

      3) шекті коэффициент қаржылық ұйымдар үшін – 7-ге, өзге заңды тұлғалар үшін 4-ке тең.

      6. Бейрезидент-заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесінің меншікті капиталының сомасы осы баптың 4-тармағының мақсаттары үшін осындай тұрақты мекеменің активтері мен міндеттемелері арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      Бұл ретте бейрезидент-заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесінің меншікті капиталының сомасы осы тармақтың қолданылу мақсаттары үшін осы тұрақты мекеме оқшауландырылған және жеке заңды тұлға болғандай және өзі тұрақты мекемесі болып табылатын бейрезидент-заңды тұлғадан тәуелсіз әрекет ететіндей түрде қарастырылады.


Каталог: wp-content -> uploads
uploads -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
uploads -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
uploads -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
uploads -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
uploads -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
uploads -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
uploads -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет