Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Салық төлеушінің басқару органы мүшелерінің қызметтік іссапарлары және сапарлары кезіндегі өтемақылар сомасының шегерімі



бет206/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   626
244-бап. Салық төлеушінің басқару органы мүшелерінің қызметтік іссапарлары және сапарлары кезіндегі өтемақылар сомасының шегерімі

      1. Қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақылар бойынша мынадай шығыстар шегерімге жатады:

      1) жол жүруге арналған және броньға жұмсалған шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде, броньға жұмсалған шығыстардың төлемақысын қоса алғанда, іссапарда болатын жерге және кері жол жүру шығыстары. Жол жүру электрондық билетпен немесе электрондық жол жүру құжатымен ресімделген жағдайда, жол жүруге арналған және броньға жұмсалған шығыстарды растайтын құжаттар мыналар болып табылады:

      электрондық билет, электрондық жол жүру құжаты;

      электрондық билеттің, электрондық жол жүру құжатының құнын төлеу фактісін растайтын құжат;

      тасымалдаушы немесе өзінен электрондық билет немесе электрондық жол жүру құжаты сатып алынған тұлға берген, жол жүру фактісін растайтын, қағаз жеткізгіштегі немесе электрондық түрдегі құжат (оның ішінде отырғызу талоны).

      Осы тармақшада көзделген шығыстарға бір елді мекен шегінде жол жүру жөніндегі шығыстар жатпайды;

      2) тұрғынжайды жалдауға арналған және броньға жұмсалған шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде, броньға жұмсалған шығыстардың төлемақысын қоса алғанда, іссапарда болу уақыты ішінде жұмыскердің тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде тұрғын үй-жайды жалдауға арналған шығыстар. Мұндай шығыстар, оның ішінде іссапарға жіберілген жұмыскердің еңбекке уақытша жарамсыздық күндері үшін (іссапарға жіберілген жұмыскер стационарлық емдеуде болған жағдайлардан басқа) тұрғын үй-жайды жалдауға арналған шығыстарды қамтиды;

      3) іссапарға жіберілген жұмыскердің еңбекке уақытша жарамсыздық күндерін қоса алғанда, жұмыскерге iссапарда болған уақытта төленетін, салық төлеушінің шешімі бойынша белгіленген мөлшердегі тәулікақы;

      4) салық төлеуші келуге және кетуге рұқсаттар (визалар) ресімдеген кезде жүргізген шығыстарды растайтын құжаттар негізінде осындай шығыстар (визаның, консулдық көрсетілетін қызметтердiң, мiндеттi медициналық сақтандырудың құны).

      2. Осы баптың 1-тармағының мақсаттарында:

      1) жұмыс берушінің жұмыскерді іссапарға жіберу туралы бұйрығында немесе жазбаша өкімінде көрсетілген, жұмыскер еңбек міндеттерін орындайтын, оны оқыту, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау жүзеге асырылатын межелі жер іссапарда болатын жер болып табылады;

      2) іссапарда болу уақыты:

      жұмыс берушінің жұмыскерді іссапарға жіберу туралы бұйрығы немесе жазбаша өкімі;

      кету және келу күнін қоса алғанда, жол жүруді растайтын құжаттарда көрсетілген іссапарда болатын жерге кету және кері қайтып келу күндерін негізге ала отырып, іссапарда болу күндерінің саны негізінде айқындалады. Мұндай құжаттар болмаған кезде іссапарда болу күндерінің саны салық төлеушінің салықтық есепке алу саясатында көзделген, іссапарда болатын жерге кету күнін және (немесе) кері қайтып келу күнін растайтын басқа құжаттар негізге алына отырып айқындалады.

      3. Салық төлеушінің директорлар кеңесі мүшелерінің немесе жоғары басқару органы болып табылмайтын, өзге басқару органы мүшелерінің сапарлары кезінде, қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақыдан басқа, олар өздеріне жүктелген басқарушылық міндеттерді орындауға байланысты шеккен өтемақылар жөніндегі мынадай шығыстар шегерімге жатады:

      1) жол жүруге арналған және броньға жұмсалған шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде, броньға жұмсалған шығыстардың төлемақысын қоса алғанда, басқарушылық міндеттер орындалатын жерге және кері жол жүру шығыстары. Жол жүру электрондық билетпен немесе электрондық жол жүру құжатымен ресімделген жағдайда, жол жүруге арналған және броньға жұмсалған шығыстарды растайтын құжаттар мыналар болып табылады:

      электрондық билет, электрондық жол жүру құжаты;

      электрондық билеттің, электрондық жол жүру құжатының құнын төлеу фактісін растайтын құжат;

      тасымалдаушы немесе өзінен электрондық билет немесе электрондық жол жүру құжаты сатып алынған тұлға берген, жол жүру фактісін растайтын, қағаз жеткізгіштегі немесе электрондық түрдегі құжат (оның ішінде отырғызу талоны).

      Осы тармақшада көзделген шығыстарға бір елді мекен шегінде жол жүру жөніндегі шығыстар жатпайды;

      2) тұрғынжайды жалдауға арналған және броньға жұмсалған шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде, броньға жұмсалған шығыстардың төлемақысын қоса алғанда, басқарушылық міндеттерді орындау үшін сапарда болу уақыты ішінде тұрғын үй-жайды жалдауға арналған шығыстар;

      3) басқарушылық міндеттерді орындау үшін сапарда болған уақыт ішінде басқару органының мүшесіне төленетін, салық төлеушінің шешімі бойынша белгіленген мөлшердегі ақша сомасы;

      4) салық төлеуші келуге және кетуге рұқсаттар (визалар) ресімдеген кезде жүргізген шығыстарды растайтын құжаттар негізінде осындай шығыстар (визаның, консулдық көрсетілетін қызметтердiң, мiндеттi медициналық сақтандырудың құны).

      4. Осы баптың 3-тармағының мақсаттары үшін:

      1) салық төлеуші дербес ресімдеген, басқару органының мүшесін басқарушылық міндеттерді орындау үшін іс-шараға шақыру, осындай іс-шараның өткізілетін жері мен күні қамтылған құжатта көрсетілген межелі жер басқарушылық міндеттер орындалатын жер болып табылады;

      2) басқарушылық міндеттерді орындау үшін сапарда болу уақыты кету және келу күндерін қоса алғанда, жол жүруді растайтын құжаттарда көрсетілген басқарушылық міндеттер орындалатын жерге кету және кері қайтып келу күндері негізге алына отырып, күндер саны негізінде айқындалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет