Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізілетін тауарларға салық салу



бет329/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   325   326   327   328   329   330   331   332   ...   626
389-бап. Арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізілетін тауарларға салық салу

      1. Арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде толық тұтынылатын тауарларды арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және оларды тарату саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган уәкілетті органмен және салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындаған тауарлар тізбесі бойынша арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізуге қосылған құн салығы нөлдік мөлшерлеме бойынша салынады.

      Осы баптың мақсаттары үшін еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) және кедендік бақылаудағы тауарлар осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарлар деп түсініледі.

      2. Арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде толық тұтынылатын тауарларды өткізу кезінде нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды растайтын құжаттар мыналар болып табылады:

      1) арнайы экономикалық аймақтардың аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдармен тауарларды жеткізуге арналған шарт (келісімшарт);

      2) еркін кедендік аймақ кедендік рәсімі бойынша тауарлар шығаруды жүзеге асыратын кеден органының белгілері бар тауарлар тізбесі қоса беріле отырып, тауарларға арналған декларацияның және (немесе) көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттардың көшірмелері;

      3) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдарға тауарларды тиеп-жөнелтуді растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері;

      4) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері.

      3. Салық органдары ақпараттық байланыс арналары арқылы кеден органдарынан алған электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларация да нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды растайтын құжат болып табылады. Осы тармақта көзделген, электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларация болған кезде осы баптың
2-тармағының 2) тармақшасында көзделген тауарларға арналған декларацияның көшірмесін ұсыну талап етілмейді.

      4. Арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізілетін тауарларды өнім берушілерге қосылған құн салығының асып кетуін қайтару арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде іс жүзінде тұтынылған әкелінген тауарлар бөлігінде жүргізіледі.

      5. Осы бапқа сәйкес қайтаруға жататын қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде әкелінген тауарлардың іс жүзінде тұтынылғанын растайтын, арнайы экономикалық аймаққа қатысушы ұсынған деректер негізінде қалыптастырылатын кеден органының мәліметтері есепке алынады.

      Арнайы экономикалық аймаққа қатысушы осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген шарттарды орындамаған жағдайда еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар салық салынатын импорт деп танылады және Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есепке жазыла отырып, арнайы экономикалық аймақтың аумағына тауарлар әкелінген күннен бастап оларға қосылған құн салығы салуға жатады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   325   326   327   328   329   330   331   332   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет