Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Акциздердің мөлшерлемелері



бет394/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   390   391   392   393   394   395   396   397   ...   626
463-бап. Акциздердің мөлшерлемелері

      1. Акциздердің мөлшерлемелері заттай түрдегі өлшем бiрлiгiне абсолюттiк сомада белгiленедi.

      2. Алкоголь өнiмiне акциздердің мөлшерлемелері осы баптың 1-тармағына сәйкес не оның құрамындағы сусыз (жүз пайыздық) спирттің көлемдiк үлесіне қарай бекiтiледi.

      3. Спирттің барлық түрiне және шарап материалына акциз мөлшерлемелері спиртті және шарап материалын одан әрi пайдалану мақсаттарына қарай сараланады.

      4. Акциз сомаларын есептеу мынадай мөлшерлемелер бойынша жүргізіледі:

      РҚАО-ның ескертпесі!


      1) тармақша кестесінің 7, 12, 14, 15, 21 және 22-жолдары жаңа редакцияда көзделген - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен (01.01.2020 бастап 01.01.2021 дейін қолданыста болады).
      РҚАО-ның ескертпесі!
      1) тармақша кестесінің 7, 12, 14, 15, 21 және 22-жолдарының осы редакциясы 01.01.2019 бастап 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен (тоқтатылған редакциясын ҚР 25.12.2017 Салық кодексінің 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасынан қараңыз).

      1) осы Кодекстің 462-бабы бірінші бөлігінің 1) – 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген акцизделетін тауарларға:



Р/с №

ЕАЭО
СЭҚ
ТН коды

Акцизделетін тауарлардың түрлері

Акциздердің мөлшерлеме-лері (өлшем бірлігі үшін теңгемен)

1

2

3

4

1.

2207-ден

80 көлемдік пайыз немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спиртi (алкоголь өнiмiн, емдiк және фармацевтикалық препараттарды өндiру үшiн өткізілетін немесе пайдаланылатын, белгiленген квоталар шегiнде мемлекеттік медициналық мекемелерге берiлетiн денатуратталмаған этил спиртiнен басқа), этил спиртi және кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирттер (iшкi нарықта тұтыну үшін денатуратталған отындық этил спиртінен (этанолдан) басқа (түссiз емес, боялған))

600 теңге/литр

2.

2207-ден

Денатуратталған отындық этил спирті (этанол) (түссіз емес, ішкі нарықта тұтыну үшін боялған)

1,0 теңге/литр

3.

2208-ден

Денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және 80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар өзге де спиртті ішімдіктер (алкоголь өнімін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын, белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге берілетін денатуратталмаған этил спиртінен басқа)

750 теңге/литр
100% спирт

4.

2207-ден

Алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын 80 көлемдік пайыз немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті

0 теңге/литр

5.

2208-ден

Денатуратталмаған этил спирті, алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын, спирт тұнбалары және 80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар өзге де спиртті ішімдіктер

75 теңге/литр 100% спирт

6.

3003, 3004-ден

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрiлiк зат ретiнде тіркелген, құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнім

500 теңге/литр 100% спирт

7.

2208

Алкоголь өнімі (коньяктан, брендиден, шараптан, шарап материалынан, сырадан және сыра сусынынан басқа)

2550 теңге/литр 100 % спирт

8.

2208

Коньяк, бренди

250 теңге/литр 100% спирт

9.

2204, 2205,
2206 00

Шараптар

35 теңге/литр

10.

2204, 2205,
2206 00-ден

Шарап материалы (этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетіннен немесе пайдаланылатыннан басқа)

170 теңге/литр

11.

2204, 2205,
2206 00-ден

Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын шарап материалы

0 теңге/литр

12.

2203 00

Сыра және сыра сусыны

57 теңге/литр

13.

2202 90 100 1

Құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 пайыздан аспайтын сыра

0 теңге/литр

14.

2402-ден

Фильтрлі сигареттер

8 700 теңге/
1000 дана

15.

2402-ден

Фильтрсіз сигареттер, папиростар

8 700 теңге/
1000 дана

16.

2402-ден

Сигариллалар

6 225 теңге/
1 000 дана

17.

2402-ден

Сигаралар

750 теңге/дана

18.

2403-тен

Құрамында никотині бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысына қапталған және түпкілікті тұтынуға арналған түтіктік, шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін, қорқорлы және өзге де темекі

7345 теңге/
килограмм

19.

2709 00-ден

Шикі мұнай, газ конденсаты

0 теңге/тонна

20.

8702-ден

Микроавтобустарды, автобустар мен троллейбустарды қоспағанда, 10 және одан көп адамды тасымалдауға арналған, қозғалтқышының көлемі 3000 текше см.-ден асатын моторлы көлік құралдары

100 теңге/текше см

8703-тен

Қозғалтқышының көлемі 3000 текше см.-ден асатын, негізінен адамдарды тасымалдауға арналған жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа)

8704-тен

Қозғалтқышының көлемі 3000 текше см.-ден асатын, жүкке арналған платформасы және жүк бөлiгiнен қатты стационарлық қабырғамен бөлiнген жүргiзушi кабинасы бар жеңiл автомобиль шассиiндегi моторлы көлiк құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа)

21.

2403

Қыздырылатын темекісі бар бұйымдар (қыздырылатын темекі таяқшасы, темекісі бар қыздырылатын капсула және өзгелер)

0 теңге/1 кг
темекі қоспасы

22.

3824

Электрондық сигареттерде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі құрамында никотин бар сұйықтық

0 теңге/ сұйықтық миллилитрі

      2) осы Кодекстің 462-бабы бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарларға акциздер мөлшерлемелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      Ескертпе.

      Тауар номенклатурасы Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының кодымен және (немесе) тауардың атауымен айқындалады.

52-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ӨНДІРІЛЕТІН, ӨТКІЗІЛЕТІН АКЦИЗДЕЛЕТІН ТАУАРЛАРҒА САЛЫҚ САЛУ





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   390   391   392   393   394   395   396   397   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет