Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Таза кіріске салық салу тәртібі



бет531/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   527   528   529   530   531   532   533   534   ...   626
652-бап. Таза кіріске салық салу тәртібі

      1. Бейрезидент-заңды тұлғаның тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен түсетін таза кірісіне 15 пайыз мөлшерлеме бойынша корпоративтік табыс салығы салынады.

      Таза кіріс мынадай тәртіппен айқындалады:

      осы Кодекстің 288-бабында көзделген кірістер мен шығыстар сомасына, сондай-ақ осы Кодекстің 300-бабына сәйкес шегетін залалдар сомасына азайтылған, салық салынатын кіріс,

      алу

      осы Кодекстің 313-бабының 1-тармағында немесе 2-тармағында белгіленген мөлшерлемені осы Кодекстің 288-бабында көзделген кірістер мен шығыстар сомасына, сондай-ақ осы Кодекстің 300-бабына сәйкес шегетін залалдар сомасына азайтылған салық салынатын кірісті көбейту арқылы есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы.

      2. Корпоративтік табыс салығының есептелген сомасы корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияда көрсетіледі.

      3. Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға таза кірісіне корпоративтік табыс салығын корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейінгі күнтізбелік он күн ішінде тұрақты мекеменің орналасқан жеріндегі бюджетке төлеуді жүргізеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   527   528   529   530   531   532   533   534   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет