654-бап. Бейрезидент-жеке тұлғаның салық салудан босатылған кірістері
Бейрезидент-жеке тұлғаның мынадай кірістері салық салуға жатпайды:
1) сыртқы сауда қызметі жөніндегі келісімшартқа байланысты Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілген қызметтерді қоспағанда, осы сыртқы сауда қызметі шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар берумен байланысты төлемдер;
2) борыштық бағалы қағаздарды сатып алу кезінде олар бойынша жинақталған (есептелген) сыйақылардың резидент-сатып алушылар төлеген сомалары;
3) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде осындай дивидендтер мен сыйақыларды есепке жазу күніне болатын бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақылар;
РҚАО-ның ескертпесі!
4) тармақшасы 01.01.2029 дейін қолданыста болады - ҚР 26.12.2018 № 203-VI Заңымен.
4) егер осы баптың 3) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекеттің резиденті болып табылатын тұлғаға төленетіндерді қоспағанда, бір мезгілде мынадай:
дивидендтерді есепке жазу күніне салық төлеушінің дивидендтер төленетін акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;
дивидендтер төлейтін резидент-заңды тұлғаның дивидендтер төленетін кезең ішінде жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;
дивидендтер төлейтін резидент-заңды тұлғаның активтері құнында жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi дивидендтер төлеу күнiне 50 пайыздан аспауы талаптары орындалған кездегі дивидендтер.
Егер, осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғаны қоспағанда, дивидендтер төлейтін резидент-заңды тұлға есептелген корпоративтік табыс салығын қызмет бойынша, оның ішінде осындай азайту көзделген инвестициялық келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша 100 пайызға азайтуды жүргізген жағдайда, онда осы тармақшаның ережелері мынадай тәртіппен қолданылады:
егер тұтастай алғанда дивидендтер төлейтін резидент-заңды тұлға бойынша есептелген корпоративтік табыс салығының жалпы сомасындағы 100 пайызға азайтылған корпоративтік табыс салығының үлесі 50 және одан көп пайызды құраса, онда осы тармақшада көзделген осындай заңды тұлға төлейтін дивидендтерді босату қолданылмайды;
егер тұтастай алғанда дивидендтер төлейтін резидент-заңды тұлға бойынша есептелген корпоративтік табыс салығының жалпы сомасындағы 100 пайызға азайтылған корпоративтік табыс салығының үлесі 50 пайыздан аз болса, онда осы тармақшада көзделген осындай заңды тұлға төлейтін дивидендтерді босату дивидендтердің бүкіл сомасына қолданылады.
Осы тармақшаның ережелері резидент-заңды тұлғадан:
акциялар бойынша, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активтері болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын кіріс;
резидент-заңды тұлға өзінің құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетін таза кірістің бір бөлігі;
құрылтайшы, қатысушы жарғылық капиталға салым ретiнде енгiзген мүліктi қоспағанда, резидент-заңды тұлға таратылған кезде немесе құрылтайшылар, қатысушылар салымдарының мөлшерін пропорционалды азайту арқылы не құрылтайшылардың, қатысушылардың үлестерін толық немесе ішінара өтеу арқылы жарғылық капиталды азайту кезінде, сондай-ақ құрылтайшы, қатысушы резидент-заңды тұлғадағы қатысу үлесін алып қойған кезде мүлікті бөлуден түсетін кіріс түрінде алынған дивидендтерге ғана қолданылады.
Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалар (тұлға) мүлкінің дивидендтер төлейтін резидент-заңды тұлғаның активтері құнындағы үлесі осы Кодекстің 650-бабына сәйкес айқындалады.
Осы тармақшаның мақсатында жерасты суларын және (немесе) кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды;
5) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттік облигациялар бойынша сыйақылар және мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды және агенттік облигацияларды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірістер;
6) өткізу күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімдерінде болатын қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірістер;
7) егер осы тармақтың 6) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген, жеңілдікті салық салынатын мемлекеттің резиденті болған тұлғаның кірістерін қоспағанда, осы Кодекстің 644-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген, резидент-заңды тұлға шығарған акцияларды немесе резидент-заңды тұлғадағы немесе Қазақстан Республикасында құрылған консорциумдағы қатысу үлестерін өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін кірістер бір мезгілде мынадай:
акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеушінің осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;
осындай эмитент-заңды тұлғаның немесе қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлғаның немесе қатысу үлесін осындай консорциумда өткізетін осындай консорциумға қатысушының жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;
жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын осындай заңды тұлғалардың (тұлғаның) осындай эмитент-заңды тұлғаның немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін осындай заңды тұлғаның активтері құнындағы немесе қатысу үлесі өткізілетін осындай консорциумға қатысушылардың активтері жалпы құнындағы мүлкi осындай өткiзу күнiне 50 пайыздан аспауы талаптары орындалған кезде қолданылады.
Осы тармақшаның мақсатында тек қана жерасты суларын және (немесе) кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтаждығы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды.
Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалар (тұлға) мүлкінің акциялары немесе қатысу үлестері өткізілетін заңды тұлғаның немесе консорциумның активтері құнындағы үлесі осы Кодекстің 650-бабына сәйкес айқындалады;
8) осы Кодекстің 644-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген кірістерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін кірістер;
9) Қазақстан Республикасындағы аз қамтылған азаматтарды қолдауға (көмек көрсетуге) бағытталған, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын үкіметаралық келісім шеңберіндегі грант қаражаты есебінен жүргізілетін төлемдер;
10) осы Кодекстiң 291-бабының 1-тармағында көрсетілген дербес бiлiм беру ұйымы тұруға, медициналық сақтандыруға, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегi тұрғылықты жерiнен Қазақстан Республикасындағы қызметтi жүзеге асыратын жерге бару және кері қайту жолында әуе көлiгiмен ұшуға арналған шығыстарды төлеу (өтеу) түрiнде іс жүзінде жүргізген:
осындай дербес білім беру ұйымының жұмыскері;
осындай дербес білім беру ұйымының жұмыстарын орындау, қызметтерін көрсету бойынша Қазақстан Республикасындағы қызметті жүзеге асыратын;
осындай дербес білім беру ұйымының жұмыстарын орындайтын, қызметін көрсететін бейрезидент-заңды тұлғаның жұмыскері және осындай жұмыстарды тікелей орындайтын және осындай қызметтерді көрсететін жұмыскер болып табылатын бейрезидент-жеке тұлға алған материалдық пайда;
РҚАО-ның ескертпесі!
11) тармақша 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.
11) осындай кредиттер бойынша сыйақы жөніндегі берешекті қоса алғанда, борышты кешіру осы Кодекстің 232-бабы 5-тармағының 11) тармақшасында айқындалған тәртіппен жүргізілген кредит (қарыз) бойынша берешек сомасы;
РҚАО-ның ескертпесі!
12) тармақша 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.
12) 2012 жылғы 31 желтоқсанды қоса санағанда есепке жазылған, осындай кредиттер бойынша сыйақы жөніндегі берешекті қоса алғанда, борышты кешіру осы Кодекстің 232-бабының 3-тармағында белгіленген тәртіппен және шарттармен жүргізілген кредит (қарыз) бойынша берешек сомасы.
Ескерту. 654-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 26.12.2018 № 203-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).
Достарыңызбен бөлісу: |