Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Арнаулы салық режимін қолдану ерекшелiктерi



бет574/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   570   571   572   573   574   575   576   577   ...   626
705-бап. Арнаулы салық режимін қолдану ерекшелiктерi

      1. Бiрыңғай жер салығын төлеушiлер салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң мынадай түрлерiн:

      1) шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметінен түскен кірістерден, оның ішінде осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметпен байланысты шығындарды (шығыстарды) жабуға мемлекеттік бюджет қаражатынан алынған сомалар түріндегі кірістерден алынатын жеке табыс салығын;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін қоспағанда, осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша жер салығын және (немесе) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны;

      3) осы Кодекстің 490-бабы 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген салық салу объектiлерi бойынша – көлiк құралдары салығын;

      4) осы Кодекстің 517-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген салық салу объектiлерi бойынша – мүлiк салығын;

      5) осы арнаулы салық режимі қолданылатын шаруа немесе фермер қожалығының қызметі бойынша – әлеуметтік салықты;

      6) осы арнаулы салық режимі қолданылатын шаруа немесе фермер қожалығының қызметі бойынша – қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақыны төлеушiлер болып табылмайды.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есептеу, төлеу осындай салықтар және бюджетке төленетін төлемдер бойынша салықтық есептілікті ұсыну, сондай-ақ әлеуметтік төлемдерді төлеу (аудару) жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   570   571   572   573   574   575   576   577   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет