Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы



бет582/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   578   579   580   581   582   583   584   585   ...   626
715-бап. Есептеу тәртібі

      1. Экспортқа іс жүзінде өткізілетін шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің көлемі және осы Кодекстің 741-бабының 3-тармағында айқындалған тәртіппен есептелген әлемдік баға негізінде есептелген, экспортталатын шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің құны шикі мұнай және шикі мұнай өнімдері бойынша экспортқа рента салығын есептеу үшін салықтық база болып табылады. Бұл ретте шикі мұнай және шикі мұнай өнімдері үшін әлемдік баға шикі мұнайдың әлемдік бағасын негізге ала отырып айқындалады.

      Экспортқа рента салығын есептеу мақсатында шикі мұнайдың әлемдік бағасын айқындау үшін өлшем бірліктерін баррельден метрикалық тоннаға ауыстыру орташа өлшемді баррельдеу коэффициентінің негізінде мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      К барр. орт. = (V1 х К барр.1 + V2 х К барр.2 … + Vn х К барр.n) / V жалпы өткізу, мұнда:

      К барр. орт. – үтірден кейін төрт белгіге дейінгі дәлдікпен есептелген баррельдеудің орташа өлшемді коэффициенті;

      V1, V2, …Vn – салықтық кезең үшін экспортқа өткізілетін шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің әрбір партиясының көлемі;

      К барр.1, К барр.2 … + К барр.n – Қазақстан Республикасының аумағында экспорттық маршруттың басында көлік ұйымының шикі мұнайды және шикі мұнай өнімдерін тапсыру және қабылдау пунктіндегі есепке алу аспабының деректері негізінде ресімделген әрбір тиісті партия бойынша сапа паспортында көрсетілген баррельдеу коэффициенттері. Бұл ретте баррельдеу коэффициенттері стандарттау саласындағы уәкілетті орган бекіткен ұлттық стандартқа сәйкес өлшеудің стандартты шарттарына келтірілген экспортталатын шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің нақты тығыздығы мен температурасы ескеріле отырып белгіленеді;

      n – салықтық кезеңде экспортқа өткізілген шикі мұнай және шикі мұнай өнімдері партияларының саны;

      V жалпы өткізу – салықтық кезең үшін шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерін экспортқа өткізудің жалпы көлемі.

      Экспортқа іс жүзінде өткізілетін көмірдің көлемі негізінде есептелген экспортталатын көмірдің құны көмір бойынша экспортқа рента салығын есептеу үшін салықтық база болып табылады. Бұл ретте көмір бойынша экспортқа рента салығын есептеу мақсаттары үшін шетел валютасында жасалған операциялар шартқа (келісімшартқа) сәйкес экспортталатын көмірге меншік құқығының өту күніне айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, теңгемен қайта есептеледі.

      2. Шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын төлеудің ақшалай нысаны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша уәкілетті мемлекеттік орган мен салық төлеушінің арасында жасалатын қосымша келісімде айқындалған тәртіппен заттай нысанға ауыстырылуы мүмкін.

      Шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын заттай нысанда төлеу тәртібі осы Кодекстің 773-бабында белгіленген.

      Ескерту. 715-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   578   579   580   581   582   583   584   585   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет