704-бап. Бірыңғай жер салығын есептеу тәртібі
1. Егістік бойынша бірыңғай жер салығын есептеу жер учаскелерінің жиынтық бағалау құнына жер учаскелерінің жиынтық алаңын негізге ала отырып, мынадай мөлшерлемелерді қолдану арқылы жүргізіледі:
р/с
№
|
Жер учаскелерінің алаңы (гектар)
|
Салық мөлшерлемесі
|
1.
|
500-ге дейін
|
0,15%
|
2.
|
501-ден 1000-ды қоса алғанға дейін
|
500 гектардан бағалау құнының 0,15 % + 500 гектардан асатын жер алаңынан бағалау құнының 0,3 %
|
3.
|
1001-ден 1500-ді қоса алғанға дейін
|
1000 гектардан бағалау құнының 0,3 % + 1000 гектардан асатын жер алаңынан бағалау құнының 0,45 %
|
4.
|
1501-ден 3000-ды қоса алғанға дейін
|
1500 гектардан бағалау құнының 0,45 % + 1500 гектардан асатын жер алаңынан бағалау құнының 0,6 %
|
5.
|
3000-нан жоғары
|
3000 гектардан бағалау құнының 0,6 % + 3000 гектардан асатын жер алаңынан бағалау құнының 0,75 %
|
2. Жайылымдар, табиғи шабындықтар және арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын басқа да жер учаскелері бойынша бiрыңғай жер салығын есептеу осындай жер учаскелерінің жиынтық бағалау құнына 0,2 % мөлшерлемені қолдану арқылы жүргізіледі.
3. Жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары негізінде жергілікті өкілді органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін он еседен асырмай арттыруға құқығы бар.
4. Шаруа немесе фермер қожалықтары бірыңғай жер салығын салықтық кезеңде арнаулы салық режимі қолданылатын нақты кезең үшін, оның ішінде жер учаскесін жер пайдалануға алған (меншікке сатып алған) және (немесе) жер учаскесін жер пайдаланудан (өткізуден) бас тартқан жағдайда есептейді.
5. Әрбір жер учаскесі орналасқан жер бойынша бірыңғай жер салығының бюджетке төлеуге жататын сомасы барлық жер учаскелерінің жалпы алаңына осындай жер учаскелері алаңының үлес салмағына пропорционал айқындалады.
6. Бірыңғай жер салығының сомасы арнаулы салық режимі қолданылатын нақты кезең үшін:
салық төлеуші барлық жер учаскелері бойынша осы арнаулы салық режимін толық емес салықтық кезең қолданған жағдайда – салықтың жалпы сомасын он екіге бөліп, осындай нақты кезеңнің ай санына көбейту;
салық төлеуші арнаулы салық режимін осы ауданда толық емес салықтық кезең қолданған жағдайда – осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері аумағында орналасқан аудан бюджетіне төлеуге жататын салықтың жалпы сомасын он екіге бөліп, нақты кезеңнің ай санына көбейту;
салық төлеуші салықтық кезең ішінде осындай жер учаскесін жер пайдалануға алған (меншікке сатып алған) және (немесе) жер пайдаланудан бас тартқан (осы жер учаскесін өткізген) жағдайда – осы арнаулы салық режимі қолданыла отырып пайдаланылатын жер учаскесі бойынша толық салықтық кезең үшін төлеуге жататын салық сомасын он екіге бөліп, нақты кезеңнің ай санына көбейту арқылы айқындалады.
Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінің төртінші абзацында көрсетілген жағдайларда жер учаскесі бойынша арнаулы салық режимі қолданылатын нақты кезең үшін салықты есептеу:
жер учаскесі салықтық кезең ішінде берілген (өткізілген) жағдайда – егер осындай жер учаскесі бойынша арнаулы салық режимі салықтық кезеңнің басынан бастап қолданылса, салықтық кезеңнің бірінші айынан бастап осындай жер учаскесі берілген (өткізілген) айдың бірінші күніне дейін;
осындай жер учаскесі жер пайдалануға алынған (меншікке сатып алынған) айдың бірінші күнінен бастап салықтық кезеңнің соңына дейін немесе осындай жер учаскесі жер пайдалануға берілгеннен (өткізілгеннен) кейінгі айдың бірінші күніне дейін жүргізіледі.
7. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимi бiрыңғай жер салығын төлеу негiзiнде бюджетпен есеп айырысулардың ерекше тәртiбiн көздейдi және ауыл шаруашылығы өнiмiн (акцизделетінді қоспағанда) өндiру және оны өткізу, өзi өндiрген ауыл шаруашылығы өнiмiн (акцизделетінді қоспағанда) қайта өңдеу, осындай қайта өңдеу өнімдерін өткізу жөніндегі шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметiне қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |