151-бап. Хронометраждық зерттеп-қарауды жүргізу ерекшеліктері
1. Хронометраждық зерттеп-қарау салық төлеушінің және (немесе) оның өкілінің қатысуымен жүзеге асырылады.
2. Хронометраждық зерттеп-қарауды жүргізу үшін салық органдары зерттеп-қаралатын салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объекті бойынша мәселелерді өзі дербес айқындайды. Бұл ретте міндетті түрде мыналарға:
1) салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілерге зерттеп-қарау жүргізілуге тиіс. Салық органдарының, қажет болған кезде, салық төлеушінің тауарлық-материалдық құндылықтарына түгендеу жүргізуге құқығы бар;
2) ақшаның, ақша құжаттарының, бухгалтерлік кітаптардың, есептердің, сметалардың, бағалы қағаздардың, есеп-қисаптардың, декларациялардың және зерттеп-қаралатын салық салу объектісіне және (немесе) салық салуға байланысты объектіге байланысты өзге де құжаттардың болуына;
3) бақылау-касса машинасының фискалдық есебіне зерттеп-қарау жүргізілуге тиіс.
3. Хронометраждық зерттеп-қарауды жүргізетін салық органдарының лауазымды адамдары хронометраждық-байқау карталарына зерттеп-қарау барысында алынған мәліметтердің толық және дәл енгізілуін күн сайын қамтамасыз етуге тиіс. Әрбір салық салу объектісіне және (немесе) салық салуға байланысты объектіге, сондай-ақ басқа да әрбір кіріс алу көзіне бөлек хронометраждық-байқау картасы жасалады, онда мынадай мәліметтер:
1) салық төлеушінің атауы, сәйкестендіру нөмірі және қызмет түрі;
2) зерттеп-қарауды жүргізу күні;
3) салық салу объектісінің және (немесе) салық салуға байланысты объектінің орналасқан жері;
4) хронометраждық зерттеп-қараудың басталу және аяқталу уақыты;
5) өткізілетін тауарлардың, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны;
6) зерттеп-қаралатын салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект жөніндегі деректер;
7) зерттеп-қарау нәтижелері қамтылады.
4. Күн сайын зерттеп-қаралатын күннің соңында барлық зерттеп-қаралатын салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер, сондай-ақ басқа да кіріс алу көздері бойынша жиынтық кесте жасалады.
5. Хронометраждық-байқау картасы мен жиынтық кестеге салық органының лауазымды адамы және салық төлеуші немесе оның өкілі міндетті түрде қол қояды және ол хронометраждық салықтық зерттеп-қарау актісіне қоса беріледі.
Хронометраждық-байқау картасына, қажет болған кезде, хронометраждық-байқау картасында көрсетілген деректерді растайтын, зерттеп-қарау барысында алынған құжаттардың көшірмелері, есеп-қисаптар және басқа да материалдар қоса беріледі.
6. Салық төлеушілерді хронометраждық зерттеп-қарау нәтижелері кешенді немесе тақырыптық тексеру қорытындылары бойынша салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің сомаларын есепке жазуды жүргізу кезінде ескеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |