Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Салықтық тексеруді жүргізу үшін негіз



бет121/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   626
148-бап. Салықтық тексеруді жүргізу үшін негіз

      1. Салықтық тексеру нұсқаманың негізінде жүргізіледі, онда мынадай мәліметтер:

      1) нұсқаманың салық органында тіркелген күні мен нөмірі;

      2) нұсқама шығарған салық органының атауы;

      3) салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) не толық атауы;

      4) сәйкестендіру нөмірі;

      5) тексерудің нысаны мен түрі;

      6) тексеретін тұлғалардың, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес салықтық тексеруді жүргізуге қатысу үшін тартылатын мамандардың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса);

      7) салықтық тексеруді жүргізу мерзімі;

      8) хронометраждық зерттеп-қарауды қоспағанда, тексерілетін кезең қамтылуға тиіс.

      Нұсқаманың нысанын уәкілетті орган бекітеді.

      2. Тақырыптық тексерулерді тағайындау туралы нұсқамада:

      1) осы Кодекстің 142-бабы 1-тармағының 12) – 18) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша тақырыптық тексерулер тағайындалған кезде аумақтың тексерiлетiн учаскесi, тексеру барысында анықтауға жататын мәселелер, сондай-ақ осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген мәлiметтер;

      2) осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 8) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 142-бабы 1-тармағының 19) – 23) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша тақырыптық тексерулерді тағайындау кезінде осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген мәліметтер;

      3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілмеген мәселелер бойынша тақырыптық тексерулер тағайындалған кезде осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген мәліметтер көрсетілуге тиіс.

      3. Хронометраждық зерттеп-қарауды қоспағанда, салықтық тексерулер тағайындалған кезде нұсқамада тексеру нысанына қарай тексерілуге жататын мәселелер көрсетіледі.

      Кешенді тексерулер жүргізу кезінде тексерілетін салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің және әлеуметтік төлемдердің түрлері нұсқамада көрсетілмейді.

      4. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, нұсқамаға салық органының бірінші басшысы немесе оны алмастыратын адам қол қоюға тиіс.

      Қарсы тексерулерді, сондай-ақ хронометраждық зерттеп-қарауды жүргізуге арналған нұсқамаға салық органы басшысының орынбасары не оны алмастыратын адам қол қоюы мүмкін.

      Нұсқама Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес салық органының уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылуы мүмкін.

      5. Осы Кодекстің 146-бабында көзделген салықтық тексеруді жүргізу мерзімдері ұзартылған және (немесе) тексеруді жүргізетін тұлғалар саны өзгертiлген және (немесе) ауыстырылған және (немесе) тексерілетін кезең өзгерген жағдайда қосымша нұсқама ресімделеді, онда алдыңғы нұсқаманың нөмірі мен тіркелген күні, осы Кодекске сәйкес тексеруді жүргізуге тартылатын тұлғалардың тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) көрсетіледі.

      Қосымша нұсқама нысанын уәкілетті орган бекітеді.

      6. Осы Кодекстің 142-бабы 1-тармағының 12) – 18) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша тақырыптық тексерулердi қоспағанда, бір нұсқама негізінде бір ғана салықтық тексеру жүргізілуі мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет