182-бап. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шығару
1. Уәкілетті орган тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымды қарау үшін апелляциялық комиссия құрады.
Апелляциялық комиссияның құрамын және ол туралы ережені уәкілетті орган айқындайды.
Уәкілетті орган шағымды қарау біткен соң апелляциялық комиссияның шешімін есекере отырып, уәжді шешім шығарады.
2. Уәкілетті орган тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау қорытындылары бойынша мынадай шешімдердің бірін шығарады:
1) шағым жасалып отырған тексеру нәтижелері туралы хабарлама – өзгеріссіз, ал шағым қанағаттандырусыз қалдырылсын;
2) шағым жасалып отырған тексеру нәтижелері туралы хабарламаның толық немесе бір бөлігінің күші жойылсын.
3. Шағым бойынша шешiм жазбаша нысанда салық төлеушiге (салық агентіне) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жiберіледi немесе қолын қойғызып табыс етіледі, ал көшiрмесi салықтық тексеру жүргізген және салық төлеушiнің (салық агентiнің) салықтық тексерудің алдын ала актісіне қарсылығын қараған салық органдарына жіберіледi.
4. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шағым жасалған хабарламаның бір бөлігінің күші жойылған жағдайда, салықтық тексеру жүргізген салық органы тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау қорытындылары туралы хабарлама шығарады және оны осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында белгіленген мерзімде салық төлеушіге (салық агентіне) жібереді.
5. Осы Кодексте айқындалған негізде және тәртіппен шығарылған уәкілетті органның шешімі салық органдарының орындауы үшін міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: |