Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Салықтық есепке алу қағидалары



бет159/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   626
192-бап. Салықтық есепке алу қағидалары

      1. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші (салық агенті) салықтық есепке алуды жүргізуді осы Кодексте белгіленген тәртіппен және шарттарда есепке жазу әдісі бойынша теңгемен жүзеге асырады.

      2. Есепке жазу әдісі операциялар мен өзге де оқиғалардың нәтижелері ақшаны немесе оның баламасын алған немесе төлеген күннен бастап емес, олардың жасалу фактісі бойынша, оның ішінде мүлікті өткізу немесе кіріске алу мақсатында жұмыстар орындалған, қызметтер ұсынылған, тауарлар сатып алушыға немесе оның сенім білдірілген тұлғасына тиеп-жөнелтілген және берілген күннен бастап танылатын есепке алу әдісі болып табылады.

      3. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық кезеңнің қорытындылары бойынша салықтық есепке алу негізінде салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындайды және салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді есептейді.

      4. Салық салу мақсатында бағамдық айырманы есепке алу, оның ішінде бағамдық айырма сомасын айқындау халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      5. Запастарды есепке алу халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте салық салу мақсатында запастардың құны – сатудың ықтимал таза бағасына дейін есептен шығару және сатудың ықтимал таза бағасының ұлғаюынан туындаған, бұрын есептен шығару жүргізілген запастарға қатысты қалпына келтіру арқылы запастар құнының өзгеруін есепке алмай айқындалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет