187-бап. Шағым жасау құқығы
Салық төлеушінің және салық агентінің салық органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған салық органына немесе сотқа шағым жасауға құқығы бар.
188-бап. Шағым жасау тәртібі
Салық органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен шағым жасалады.
2. ЕРЕКШЕ БӨЛІК
5-БӨЛІМ. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
189-бап. Салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің түрлері
1. Қазақстан Республикасында мынадай:
1) салықтар:
корпоративтік табыс салығы;
жеке табыс салығы;
қосылған құн салығы;
акциздер;
экспортқа рента салығы;
жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары;
әлеуметтік салық;
көлік құралы салығы;
жер салығы;
мүлік салығы;
ойын бизнесі салығы;
РҚАО-ның ескертпесі!
1) тармақшаның он үшінші абзацы 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.
тіркелген салық;
бірыңғай жер салығы;
2) бюджетке төленетін төлемдер:
мемлекеттік баж;
алымдар;
мыналар:
жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды пайдаланғаны;
жер учаскелерін пайдаланғаны;
жерүсті көздерінен су ресурстарын пайдаланғаны;
қоршаған ортаға эмиссия;
жануарлар дүниесін пайдаланғаны;
орманды пайдаланғаны;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны;
радиожиілікті спектрді пайдаланғаны;
қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені;
сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақылар қолданылады.
2. Халықаралық шарттарды қолдану мақсаты үшiн қосылған құн салығы, акциздер жанама салықтар деп танылады.
3. Салықтың, бюджетке төленетін төлемдердің сомасы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде және республикалық бюджет туралы заңда айқындалған тәртіппен тиісті бюджеттердің кірістеріне түседі.
23-тарау. САЛЫҚТЫҚ ЕСЕПКЕ АЛУ
Достарыңызбен бөлісу: |