186-бап.Тақырыптық тексеруді тағайындау және жүргізу тәртібі
1. Уәкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде, қажет болған жағдайда, тақырыптық тексеру тағайындауға құқылы.
2. Тақырыптық тексеру тағайындау туралы құжат тексеруге жататын мәселелер көрсетіле отырып, жазбаша нысанда ресімделеді.
Бұл ретте тақырыптық тексеруді жүргізу, шағым жасалатын салықтық тексеруді уәкілетті салық органы жүргізген жағдайды қоспағанда, нәтижелеріне шағым жасалған салықтық тексеруді жүргізген салық органына тапсырылмайды.
3. Тақырыптық тексеру осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде жүргізіледі. Бұл ретте тақырыптық тексеру салық органы осындай тексеруді жүргізу туралы құжатты алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс.
4. Деректер жеткілікті дәрежеде айқын немесе толық болмаған, сондай-ақ тақырыптық тексеру барысында бұрын тексерілген мән-жайлар мен құжаттарға қатысты жаңа сұрақтар туындаған кезде уәкілетті орган оны қайтадан тағайындауға құқылы.
5. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім тақырыптық және (немесе) қайталама тақырыптық тексерулердің нәтижелері ескеріле отырып шығарылады. Бұл ретте уәкілетті орган осындай тексерулердің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, ол шағым бойынша шешім қабылдау кезінде оларды ескермеуге құқылы, алайда мұндай келіспеу уәжді болуға тиіс.
22-тарау. САЛЫҚ ОРГАНДАРЫ ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРЫНЫҢ ӘРЕКЕТТЕРІНЕ (ӘРЕКЕТСІЗДІГІНЕ) ШАҒЫМ ЖАСАУ ТӘРТІБІ
Достарыңызбен бөлісу: |