Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Салықтық есептілікке өзгерістер мен толықтырулар енгізу



бет176/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   626
211-бап. Салықтық есептілікке өзгерістер мен толықтырулар енгізу

      1. Салық төлеуші (салық агенті) өзгерістер мен толықтырулар қатысты болатын салықтық кезең үшін қосымша салықтық есептілік жасау арқылы салықтық есептілікке өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.

      2. Қосымша салықтық есептілікте:

      1) сомалары өзгертілген кезде – салықтық кезеңдегі бұрын ұсынылған салықтық есептілікте көрсетілген сома мен іс жүзіндегі салықтық міндеттеме арасындағы айырма;

      2) қалған деректер өзгертілген кезде, жаңа мән тиісті жолдар бойынша көрсетіледі.

      3. Қосымша және (немесе) хабарлама бойынша қосымша салықтық есептілікті ұсынған кезде салық төлеушi (салық агентi) немесе салық органы камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықтаған салықтардың, төлемдердiң сомасы бюджетке енгiзiлуге жатады, әлеуметтік төлемдердiң сомасы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа салық төлеушiнi (салық агентiн) тартпай, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төлеуге жатады.

      4. Салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) тарату, бөлу жолымен қайта ұйымдастыру немесе қызметті тоқтату туралы салықтық өтініші бойынша жүргізетін салықтық тексеру басталғанға дейін қосымша салықтық есептілікті ұсынуға жол беріледі.

      5. Мынадай:

      1) салықтық тексеруді жүргізуге арналған нұсқамада көрсетілген салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің түрлері бойынша кешенді және тақырыптық тексерулерді жүргізу кезеңінде (ұзартуды және тоқтата тұруды ескере отырып) – тексерілетін салықтық кезеңнің;

      2) шағым жасалатын салықтық кезеңнің:

      салық төлеушінің (салық агентінің) шағымында көрсетілген салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің, сондай-ақ әлеуметтік төлемдердің түрлері бойынша шағымды берудің қалпына келтірілген мерзімін ескере отырып, тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымды беру және оны қарау мерзімі кезеңінде;

      деңгейлес мониторингтің нәтижелері бойынша хабарламаға шағымды беру және оны қарау мерзімі кезеңінде;

      3) қосылған құн салығын қайтару туралы талап ету бөлігінде;

      4) осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, аванстық төлемдерді төлеу мерзімі басталған салықтық кезеңдегі айлар үшін корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер бойынша – азайту жағына қарай;

      5) алдыңғы салықтық кезең үшін корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларация тапсырылғанға дейінгі кезеңге төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер бойынша –ағымдағы салықтық кезеңнің 20 қаңтарынан кешіктіріп;

      6) алдыңғы салықтық кезең үшін корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларация тапсырылғаннан кейінгі кезеңге төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер бойынша –ағымдағы салықтық кезеңнің 31 желтоқсанынан кешіктіріп;

      7) 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.

      8) бейрезидент-заңды тұлғаның басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстарын шегерімдерге жатқызу әдісін өзгерту бөлігінде тиісті салықтық есептілікке өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

      6. Заңды тұлға таратылған күннен немесе дара кәсіпкердің қызметі тоқтатылған күннен кейін осындай таратылған (қызметін тоқтатқан) салық төлеушінің контрагенті болып табылатын салық төлеушінің корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығы бойынша салықтық есептілікке (оның ішінде сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша тізілімдерге) корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығы бойынша салықтық міндеттемелердің азаюына алып келетін, осындай таратылған (қызметін тоқтатқан) салық төлеушімен мәмілелер бойынша тиісті сомаларды көрсету бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне жол берілмейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет