Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Салықтық тіркелімдерді қоспағанда, салық нысандарын қабылдау



бет174/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   626
209-бап. Салықтық тіркелімдерді қоспағанда, салық нысандарын қабылдау

      1. Салық нысандары салық органдарына осы Кодексте және уәкілетті орган бекітетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарында белгіленген мерзімдерде ұсынылады.

      2. Салық нысандарын салық органдарына ұсыну күні оларды ұсыну тәсіліне қарай:

      1) келу тәртібімен ұсынған кезде – салық органдарының немесе "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясының қабылдаған күні;

      2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы ұсынған кезде – пошта немесе өзге байланыс ұйымының қабылдағаны туралы белгі қойылған күн;

      3) электрондық нысанда ұсынған кезде – жүйеде қабылданған кезден бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде салық төлеушіге (салық агентіне) жіберілетін электрондық хабарламада көрсетілген, салықтық есептілікті қабылдау және өңдеу жүйесі орталық торабының қабылдаған күні болып табылады.

      3. Салық органдарының жүйесі салық нысандарын қабылдаған және өңдеген кезде оның толықтығын және оны толтырудың дұрыстығын тексеруден тұратын форматтық-логикалық бақылау жүргізіледі.

      4. 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.

      5. Салық нысандары, мынадай жағдайлардың біреуі немесе бірнешеуі болған кезде:

      1) салық нысандары уәкілетті орган белгілеген нысандарға сәйкес келмесе;

      2) салық нысанында салық органының коды көрсетілмесе;

      3) салық нысанында салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру нөмірі көрсетілмесе немесе дұрыс көрсетілмесе;

      4) салық нысанында салықтық кезең көрсетілмесе;

      5) 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.

      6) салық нысанында салықтық есептіліктің түрі көрсетілмесе;

      7) салықтық есептілікке қол қойылмаса және (немесе) өзінің атауы бар мөрмен куәландырылмаса;

      8) форматтық-логикалық бақылаудың салықтық есептілікті қабылдау және өңдеу жүйесі қабылдамаған кезде салықтық есептілікте "Өндеуден бас тартылды" деген өңдеу мәртебесі болса;

      9) салықтық есептілікті ұсыну мерзімі ұзартылған жағдайда салықтық есептілікті ұсыну тәсіліне қатысты осы Кодекстің 212-бабы 1-тармағының талаптары бұзылса;

      10) шот-фактуралар қағаз жеткізгіште алынған немесе жазып берілген жағдайда – салықтық кезең ішінде сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімдері қосылған құн салығы бойынша декларациямен бірге бір мезгілде ұсынылмаса;

      11) қосылған құн салығы бойынша салықтық есептілік салық органының шешімімен көрсетілген салық бойынша тіркеу есебінен шығарылғаннан кейін келу тәртібімен ұсынылмаса, салық органдарына ұсынылмады деп есептеледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет