Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Салық нысандарын сақтау мерзімі



бет171/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   626
205-бап. Салық нысандарын сақтау мерзімі

      1. Салық нысандары осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде, бірақ кемінде бес жыл салық төлеушіде (салық агентінде) сақталады.

      2. Салық төлеуші, салық агенті, оператор – заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде, қайта ұйымдастырылған тұлғаның салық нысандарын сақтау жөніндегі міндеттеме оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) жүктеледі.

1-параграф. Салықтық өтініш, салықтық есептілік



206-бап. Жалпы ережелер

      1. Салықтық өтініш осы Кодексте белгіленген жағдайларда салық төлеушінің (салық агентінің) өз құқықтарын іске асыру және міндеттерін орындау мақсатында салық органына ұсынатын құжаты болып табылады. Салықтық өтініштердің нысандарын уәкілетті орган бекітеді.

      2. Салықтық есептілік салық төлеушінің (салық агентінің) осы Кодексте белгіленген тәртіпке сәйкес ұсынылатын құжаты болып табылады, онда салық төлеуші (салық агенті), салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы, активтер мен міндеттемелер туралы, сондай-ақ салықтық міндеттемелер мен әлеуметтік төлемдерді есептеу туралы мәліметтер қамтылады.

      Салықтық есептiлiк салықтардың, бюджетке төленетiн төлемдердiң түрлерi, әлеуметтiк төлемдер бойынша салықтық декларацияларды, есеп-қисаптарды, оларға қосымшаларды, импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөнiндегi декларацияны, тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті, жалға алу (пайдалану) шарттарының тізілімін қамтиды. Салықтық есептiлiктің нысандарын және оларды жасау қағидаларын уәкiлеттi орган бекiтедi.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      3-тармақтың бірінші абзацының осы редакциясы 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен (тоқтатылған редакциясын ҚР 25.12.2017 Салық кодексінің 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасынан қараңыз).

      3. Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияны, тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті қоспағанда, салықтық есептілік мынадай түрлерге бөлінеді:

      1) бастапқы салықтық есептілік – салық төлеушіні (салық агентін) тіркеу есебіне қою жүргізілген және (немесе) салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің белгілі бір түрі бойынша салықтық міндеттеме, сондай-ақ әлеуметтік төлемдерді есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндет алғаш туындаған салықтық кезең үшін ұсынылатын салықтық есептілік;

      2) кезекті салықтық есептілік – бастапқы салықтық есептілік ұсынылғаннан кейін келесі салықтық кезеңдер үшін ұсынылатын салықтық есептілік;

      Осы Кодекстің 50-тарауының мақсаттарында тауарларды импорттаған тұлға осындай тауарлар есепке қабылданған салықтық кезең үшін ұсынатын салықтық есептілік импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі кезекті декларация болып табылады;

      3) қосымша салықтық есептілік – осы өзгерістер және (немесе) толықтырулар қатысты болатын салықтық кезең үшін бұрын ұсынылған салықтық есептілікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде ұсынылатын салықтық есептілік;

      4) хабарлама бойынша қосымша салықтық есептілік – салық органы камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды анықтаған салықтық кезең үшін бұрын ұсынылған салықтық есептілікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде ұсынылатын салықтық есептілік;

      5) таратудың салықтық есептілігі – салық төлеуші (салық агенті) қызметін тоқтатқан, таратылған немесе қайта ұйымдастырылған кезде, сондай-ақ қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған кезде ұсынылатын салықтық есептілік.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет