286-бап. Жалпы ережелер
Осы Кодекстің 287-бабында белгіленген жағдайларда, есепті салықтық кезеңдегі кірістің немесе шегерімнің мөлшерін бұрын танылған кірістің немесе шегерімнің сомасы шегінде ұлғайту немесе азайту түзету болып танылады.
287-бап. Кірістер мен шегерімдерді түзету
РҚАО-ның ескертпесі!
1-тармақтың бірінші абзацының осы редакциясы 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен (тоқтатылған редакциясын ҚР 25.12.2017 Салық кодексінің 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасынан қараңыз).
1. Егер осы Кодекстің 232-бабының 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, кірістер немесе шегерімдер мынадай жағдайларда:
1) тауарлар толық немесе ішінара қайтарылғанда;
2) мәміле шарттары өзгертілгенде;
3) өткізілген немесе сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін баға, өтемақы өзгертілгенде түзетілуге жатады. Осы тармақшаның ережесі өткізілген немесе сатып алынған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің ұлттық валютада төленуге жататын құнының сомасы шарттың талаптары негізге алына отырып өзгертілген кезде де қолданылады;
4) бағадан шегерістер, сатудан шегерістер жасалғанда;
5) өзі бойынша кірісті түзету осы баптың 2-тармағына сәйкес жүргізілетін талапты есептен шығарғанда түзетілуге жатады.
2. Кірісті түзетуді салық төлеуші – кредитор:
заңды тұлғадан;
дара кәсіпкерден;
Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғадан осындай тұрақты мекеменің қызметіне қатысты талаптар бойынша талапты есептен шығарған кезде жүргізеді.
Осы тармақта көзделген кірісті түзету:
1) дебитор-салық төлеуші таратылған кезде оның тарату балансын бекіту күні кредитор-салық төлеуші талапты талап етпеген;
2) талап заңды күшіне енген сот шешімі бойынша есептен шығарылған жағдайларда жүзеге асырады.
Түзету бір мезгілде мынадай шарттар сақталған:
1) талаптардың туындауын растайтын бастапқы құжаттар болған;
2) талап бухгалтерлік есепке алуда кірісті түзету күнінде көрсетілген не алдыңғы кезеңдердегі бухгалтерлік есепке алуда шығысқа жатқызылған (есептен шығарылған) кезде жүргізіледі. Кірісті түзету есептен шығарылған талаптың және осындай талап бойынша бұрын танылған кірістің сомасы шегінде жүргізіледі.
Осы Кодекске сәйкес күмәнді деп танылған талаптарға осы тармақтың ережелері қолданылмайды.
3. Талаптардың кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алу-сату шарты бойынша берілуіне байланысты олардың мөлшерін азайту кезінде кірісті түзету жүргізілмейді.
4. Кірістер мен шегерiмдердi түзету осы баптың 1-тармағында көрсетiлген жағдайлар басталған салықтық кезеңде жүргiзiледi.
29-тарау. САЛЫҚ САЛЫНАТЫН КІРІСТІ АЗАЙТУ НЕМЕСЕ ҰЛҒАЙТУ (ЗАЛАЛДЫ АЗАЙТУ) ЖӘНЕ САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРДІҢ КЕЙБІР САНАТТАРЫН САЛЫҚ САЛУДАН БОСАТУ
Достарыңызбен бөлісу: |