Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Әлеуметтiк саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу



бет245/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   626
290-бап. Әлеуметтiк саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

      1. Осы бапқа сәйкес әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар болып табылатын салық төлеушілер бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындаған кезде, осы Кодекстiң 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.

      2. Осы Кодекстің мақсаттары үшін әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын, олардан алынған, өтеусіз алынған мүлік және депозиттер бойынша сыйақылар түріндегі кірістері ескерілген кірістері осындай ұйымдардың жылдық жиынтық кірісінің кемінде 90 пайызын құрайтын ұйымдар жатады.

      Әлеуметтік саладағы қызметке мынадай қызмет түрлері жатады:

      1) медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар денсаулық сақтау субъектісінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес (оның ішінде лицензиялауға жатпайтын медициналық қызметті жүзеге асыру кезінде) медициналық көмек нысанында қызметтер көрсетуі;

      2) білім беру қызметін жүргізу құқығына арналған тиісті лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, сондай-ақ қосымша білім беру, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызметтер көрсету;

      3) ғылым саласындағы уәкілетті орган аккредиттеген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері жүзеге асыратын ғылым (ғылыми зерттеулер жүргізуді, автордың ғылыми зияткерлік меншікті пайдалануын, оның ішінде өткізуін қоса алғанда), спорт (коммерциялық сипаттағы спорттық ойын-сауық іс-шараларынан басқа), мәдениет (кәсіпкерлік қызметтен басқа), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген тарихи-мәдени мұра объектілері мен мәдени құндылықтарды сақтау (ақпарат таратуды және насихатты қоспағанда) бойынша қызметтер көрсету салаларындағы, сондай-ақ балаларды, қарттар мен мүгедектердi әлеуметтік қорғау және әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы қызмет;

      4) кiтапхананың қызмет көрсетуі.

      Осы тармақта көзделген ұйымдардың кірістері көрсетілген қызмет түрлерiн жүзеге асыруға бағытталған кезде салық салынуға жатпайды.

      3. Осы Кодекстің мақсаттары үшін әлеуметтiк саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға:

      1) салықтық кезеңде мүгедектердің орташа саны жұмыскерлердiң жалпы санының кемiнде 51 пайызын құрайды;

      2) салықтық кезеңде мүгедектердiң еңбегiне ақы төлеу жөніндегі шығыстар еңбекке ақы төлеу жөніндегі жалпы шығыстардың кемiнде 51 пайызын (есту, сөйлеу, сондай-ақ көру қабiлетiнен айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдарда – кемiнде 35 пайызын) құрайды деген шарттардың біріне сай келетiн ұйымдар да жатады.

      4. Әлеуметтiк саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға акцизделетiн тауарларды өндiру және өткiзу жөнiндегi қызметтен кірістер алатын ұйымдар жатпайды.

      5. Осы бапта көзделген шарттар бұзылған кезде, алынған кірістер осы Кодексте айқындалған тәртiппен салық салынуға жатады.

      6. Осы баптың ережелерi осы Кодекстiң 291-бабына сәйкес дербес білім беру ұйымдары болып танылатын ұйымдарға қолданылмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет