311-бап. Төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығын аудару тәртібі
1. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, салық агентi төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасын төлем көзiнен салық салынатын кірісті төлеу жүзеге асырылған ай аяқталғаннан кейiн күнтізбелік жиырма бес күннен кешiктiрмей аударуға мiндеттi.
2. Төлем көзiнен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасын аудару салық агентiнің тұрған жері бойынша жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға төлем көзiнен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасын бюджетке аударуды тұрақты мекеменің орналасқан жері бойынша жүргiзедi.
Достарыңызбен бөлісу: |