Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығы бойынша есеп-қисап



бет264/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   626
312-бап. Төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығы бойынша есеп-қисап

      Салық агенттерi төлем көзiнен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомалары бойынша есеп-қисапты төлем көзінен салық салынатын кірісті төлеу жүргізілген тоқсаннан кейiнгi екінші айдың 15-інен кешiктiрмей ұсынуға мiндеттi.

34-тарау. САЛЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІ, САЛЫҚТЫҚ КЕЗЕҢ ЖӘНЕ САЛЫҚ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ

313-бап. Салық мөлшерлемелері

      1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 288-бабында көзделген кірістер мен шығыстар сомасына және осы Кодекстiң 300-бабында айқындалған тәртiппен ауыстырылатын залалдар сомасына азайтылған салық салынатын кірісіне 20 пайыз мөлшерлеме бойынша салық салуға жатады.

      2. Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалардың осы Кодекстің 288-бабында көзделген кірістер мен шығыстар сомасына және осы Кодекстің 300-бабында айқындалған тәртіппен ауыстырылатын залалдар сомасына азайтылған салық салынатын кірісіне, егер мұндай кіріс ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру, өзі өндірген аталған өнімді, сондай-ақ осындай қайта өңдеу өнімдерін қайта өңдеу мен өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырудан алынса, 10 пайыз мөлшерлеме бойынша салық салуға жатады.

      Осы Кодекстің мақсаттары үшін, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге мынадай бағыттар бойынша берілген бюджеттік субсидиялар осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген қызметті жүзеге асырудан алынған кіріс деп танылады:

      1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін ауыл шаруашылығы техникасының, технологиялық жабдықтың лизингі бойынша, сондай-ақ технологиялық жабдыққа арналған кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін арзандату;

      2) өсiмдiктердің жоғары бағалы сорттары мен ауыл шаруашылығы малының, құстар мен балықтар тұқымдарының тектік қорларын сақтау және дамыту;

      3) тұқым шаруашылығын дамыту;

      4) мал шаруашылығының өнiмділігі мен өнiмiнің сапасын арттыру;

      5) акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығының) өнiмділігі мен өнімінің сапасын арттыру;

      6) басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыру, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын арзандату;

      7) отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын арзандату;

      8) өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын арзандату;

      9) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту;

      10) жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнің көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру);

      11) ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өсіру;

      12) ауыл шаруашылығы өнімін экспорттау кезінде көлік шығыстарына жұмсалатын шығындардың құнын арзандату;

      13) ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін жаңа өндірістік қуаттарды құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу.

      3. Бейрезиденттердiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын кірістерін қоспағанда, төлем көзiнен салық салынатын кірістерге төлем көзiнен 15 пайыз мөлшерлеме бойынша салық салуға жатады.

      4. Бейрезиденттердiң осы Кодекстің 644-бабы 1-тармағының 1) – 9), 11) – 34) тармақшаларында айқындалатын Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын, осындай бейрезиденттердiң тұрақты мекемесiмен байланысты емес кірістеріне, сондай-ақ осы Кодекстің 644-бабы 1-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген кірістерге осы Кодекстiң 646-бабында белгiленген мөлшерлемелер бойынша салық салынады.

      5. Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаның таза кірісіне осы Кодекстiң 652-бабында белгiленген мөлшерлеме бойынша және тәртiппен корпоративтік табыс салығын салуға жатады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет