320-бап. Салық мөлшерлемелері
1. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлген кірістерді қоспағанда, салық төлеушiнiң кірістеріне 10 пайыз мөлшерлеме бойынша салық салынады.
2. Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған дивидендтер түрiндегi кірістерге 5 пайыз мөлшерлеме бойынша салық салынады.
321-бап. Жеке тұлғаның жылдық кірісіне кіретін кірістер
Жеке тұлғаның жылдық кірісіне мынадай кірістерінің барлық түрі кіреді:
1) жұмыскердің кірісі, оның ішінде үй жұмыскерінің кірісі және резидент-еңбекші көшіп келушінің кірісі;
2) дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын жеке тұлға алған мүліктік кірістен басқа, тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін кіріс;
3) жеке тұлға алған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнын үшінші тұлғаның төлеуі түріндегі кіріс;
4) жеке тұлға алдындағы берешекті өтеу есебіне орындалған, көрсетілген жұмыстар, қызметтер түріндегі кіріс;
5) өтеусіз алынған мүлік, оның ішінде жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түріндегі кіріс;
6) борышты кешіру түріндегі кіріс;
7) есептен шығарылған айыппұлды, өсімпұлды және басқа да санкция түрлерін қоспағанда, борышкерге қойылатын талап мөлшерін азайту түріндегі кіріс;
8) репо операциялары бойынша сыйақы төлеу түріндегі кіріс;
9) зейнетақы төлемдері түріндегі кіріс;
10) дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі кіріс;
11) стипендия түріндегі кіріс;
12) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша кіріс;
13) мүліктік кіріс;
14) дара кәсіпкердің кірісі;
15) жеке практикамен айналысатын адамның кірісі;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаруашылық бойынша есепке алу кітабында есепке алынған жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін, салық салуға жататын, жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлғаның салық агентіне анық емес мәліметтерді ұсынуына байланысты төлем көзінен жеке табыс салығын ұстап қалу жүргізілмеген кірістер;
17) осы баптың 1) – 16) тармақшаларында көрсетілмеген, салық агентінен немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден алынған басқа да кірістер;
18) бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялар тұрақты мекемелерінің осы Кодекстің 340-бабына сәйкес айқындалатын жиынтық пайдасы.
36-тарау. КІРІСТЕР
1-параграф. Төлем көзінен салық салуға жататын кірістер
Достарыңызбен бөлісу: |