317-бап. Жекелеген жағдайларда кірістерге салық салу ерекшеліктері
1. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын Қазақстан Республикасы азаматының, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның (бұдан әрі – резидент-жеке тұлға) төлем көзінен салық салуға жататын кірістері бойынша осы Кодекстің 320-бабында көзделген мөлшерлемелер бойынша жеке табыс салығын есептеуді, ұстап қалуды және аударуды, сондай-ақ салықтық есептілікті ұсынуды салық агенті осы тарауда, осы Кодекстің 36-тарауының 1-параграфында, 38-тарауында және 657-бабында белгiленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізеді.
2. Резидент-жеке тұлға дербес салық салуға жататын кірістер бойынша осы Кодекстің 320-бабында көзделген мөлшерлемелер бойынша жеке табыс салығын есептеу және төлеу, сондай-ақ салықтық есептілікті ұсыну осы Кодекстiң 36-тарауының 2-параграфында, 39 және 40-тарауларында белгiленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі.
3. Бейрезидент-жеке тұлғаның кірістері бойынша осы Кодекстің 320 және 646-баптарында көзделген мөлшерлемелер бойынша жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару, сондай-ақ салықтық есептілікті ұсыну осы Кодекстiң 74-тарауында белгiленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі.
4. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің кірістері бойынша жеке табыс салығын есептеу және төлеу, сондай-ақ салықтық есептілікті ұсыну осы Кодекстiң 77-тарауында белгiленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі.
5. Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің кірістері бойынша жеке табыс салығын есептеу осы Кодекстің 78-тарауында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып жүргізіледі.
6. Бiрыңғай жиынтық төлемдi төлеушi осы Кодекстiң 774-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерiн жүзеге асырудан алған (алуға жататын) кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеу мен төлеу осы Кодекстiң 775-бабына сәйкес жүргiзiледi.
Мұндай тұлға осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген кірістер бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік төлемдер бойынша салықтық есептілікті ұсынбайды.
Достарыңызбен бөлісу: |