Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Жеке тұлғаның мүлікті өткізуден Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден алған кірісі



бет279/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   626
332-бап. Жеке тұлғаның мүлікті өткізуден Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден алған кірісі

      1. Егер осы бапта және осы Кодекстің 331-бабында өзгеше белгіленбесе, мүлікті өткізу құны жеке тұлғаның мүлікті өткізген кезде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден алған кірісі болып табылады.

      2. Жеке тұлғаның мүлікті өткізген кезде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден алған кірісі мынадай:

      1) құқықтары және (немесе) мәмілелері шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі;

      2) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі мүлікті өткізген кезде мүлікті өткізу құны мен оны сатып алу құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.

      3. "Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жария етілген, сатып алу бағасы (құны) болмаған және жария еткені үшін алым төлеу жөніндегі міндеттеме орындалған мүлікті жария еткен адам оны өткізген жағдайларда, мүлікті өткізу бағасы (құны) мен өткізілетін мүлікті жария еткені үшін алымды есептеуге теңгемен айқындалған бағалау құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.

      4. Борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, жеке тұлғаның бағалы қағаздар өткізген кезде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден алған кірісі өткізу құны мен сатып алу құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.

      5. Жеке тұлғаның борыштық бағалы қағаздар өткізген кезде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден алған кірісі дисконттың амортизациясы және (немесе) өткізу күнге сыйлықақы ескеріле отырып, купонды есепке алмай өткізу құны мен сатып алу құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.

      6. Жеке тұлғаның қатысу үлесін өткізген кезде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден алған кірісі өткізу құны мен сатып алу (салым) құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.

      7. Осы баптың 2-тармағының ережесі мынадай жағдайларда:

      1) жылжымайтын мүлік жеңілдікті салық салынатын мемлекеттің аумағында болса;

      2) жылжымалы мүлікке құқықтар немесе жылжымалы мүлік бойынша мәмілелер жеңілдікті салық салынатын мемлекеттің құзыретті органында тіркелген болса, қолданылмайды.

      8. Егер осы баптың 4, 5 және 6-тармақтарында көрсетілген кірістер жеңілдікті салық салынатын мемлекеттегі көздерден алынса, осы баптың 4, 5 және 6-тармақтарының ережелері қолданылмайды.

      9. Осы баптың 2, 4, 5 және 6-тармақтарының ережелері:

      1) мүлікті сатып алу құнын (салым құнын);

      2) мүлікті өткізу құнын;

      3) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органының мүлікті және (немесе) мүлікке меншік құқығын және (немесе) мүлік бойынша мәмілені тіркегенін растайтын құжаттар негізінде қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет