Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Салықтық шегерімдер бойынша жалпы ережелер



бет287/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   626
342-бап. Салықтық шегерімдер бойынша жалпы ережелер

      1. Жеке тұлғаның мынадай салықтық шегерім түрлерін қолдануға құқығы бар:

      1) міндетті зейнетақы жарналары түріндегі салықтық шегерім – Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген мөлшерде;

      2) зейнетақы төлемдері және жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша салықтық шегерім;

      3) стандартты салықтық шегерімдер (бұдан әрі – стандартты шегерімдер);

      4) өзге салықтық шегерімдер (бұдан әрі – өзге шегерімдер), олар:

      ерікті зейнетақы жарналары бойынша салықтық шегерімді;

      медицинаға арналған салықтық шегерімді;

      сыйақылар бойынша салықтық шегерімді қамтиды.

      2. Салықтық шегерімдерді:

      1) осы Кодекстің 343-бабында көзделген тәртіппен және жағдайларда төлем көзінен салық салуға жататын кірістер бойынша – cалық агентінің;

      2) осы баптың 3-тармағына сәйкес жеке тұлға дербес салық салуға жататын кірістер бойынша – жеке тұлғаның дербес қолдануына жатады.

      3. Салықтық шегерімдер, егер көрсетілген шегерімдер жұмыскердің кірісін айқындау кезінде жүргізілмеген болса, жеке тұлға дербес салық салуға жататын кірістердің жиынтық сомасы бойынша жеке табыс салығын есептеу кезінде қолданылады.

      4. Салықтық шегерімдерді қолдану құқығын растайтын құжаттар (бұдан әрі – растайтын құжаттар) негізінде салықтық шегерімдер қолданылады. Мұндай құжаттардың түпнұсқалары осы Кодекстің 48-бабының 2-тармағында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде жеке тұлғада сақталады.

      5. Салықтық шегерімдер осы баптың 1-тармағында көрсетілген тәртіптегі реттілікпен қолданылады.

      Ескертпе.

      Осы тарауды қолдану мақсатында айлық есептік көрсеткіш деп республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен жалақы мөлшері түсініледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет