337-бап. Дара кәсіпкердің кірісі
1. Жалпыға бірдей белгіленген режимді қолданатын дара кәсіпкердің кірісі осы Кодекстің 366-бабына сәйкес айқындалады.
2. Егер осы Кодекстің 61-тарауында өзгеше тәртіп белгіленбесе, шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің кірісі осы бапқа сәйкес айқындалады.
338-бап. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден түсетін басқа да кірістер
Осы Кодекстің 321-бабының 1) – 16) тармақшаларында көрсетілмеген, салық төлеуші салық агенті болып табылмайтын тұлғадан есепті салықтық кезең ішінде алған (алуға жататын) және төленген жеріне қарамастан, Қазақстан Республикасындағы көздерден түсетін кірістер болып табылмайтын кірістердің барлық түрі Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден түсетін басқа да кірістер деп танылады.
Достарыңызбен бөлісу: |