Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Медицинаға арналған салықтық шегерім



бет292/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   626
348-бап. Медицинаға арналған салықтық шегерім

      1. Медицинаға арналған салықтық шегерім медициналық көрсетілетін қызметтерге (косметологиялықтан басқа) ақы төлеуге арналған шығыстар бойынша қолданылады.

      2. Медицинаға арналған салықтық шегерімді Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғасы өз пайдасына жұмсалған медицинаға арналған шығыстар бойынша қолданады.

      3. Медицинаға арналған салықтық шегерім күнтізбелік жылға айқындалған айлық есептік көрсеткіштің 94 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде қолданылады.

      Бұл ретте медицинаға арналған салықтық шегерімнің және осы Кодекстің 341-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес жеке тұлғаның медициналық көрсетілетін қызметтерге (косметологиялықтан басқа) шығыстарын жабу үшін кірісті түзетудің жалпы сомасы күнтiзбелiк бiр жылдағы жиынтығында республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 94 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

      4. Медицинаға арналған салықтық шегерімді қолдану үшін мыналар растайтын құжаттар болып табылады:

      1) жазбаша нысанда жасалған жағдайда – медициналық көрсетілетін қызметтердің құны бөліп көрсетілген ақылы медициналық қызметтерді көрсетуге арналған шарт;

      2) медициналық көрсетілетін қызметтердің құны туралы ақпаратты қамтитын үзінді көшірме;

      3) медициналық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу фактісін растайтын құжат.

      5. Медициналық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге арналған шығыстар бойынша салықтық шегерімдер неғұрлым кеш болатын мынадай күндердің біріне тура келетiн салықтық кезеңде қолданылады:

      медициналық көрсетілетін қызметтерді алу күні;

      медициналық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу күні.

      6. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде ұсынылған медициналық көрсетілетін қызметтерге шетел валютасымен ақы төленген кезде осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығыстарды теңгемен қайта есептеу төлемді жүзеге асыру күніне Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамы қолданыла отырып жүзеге асырылады.

      РҚАО-ның ескертпесі!


      349-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 26.12.2018 № 203-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі!
      349-баптың осы редакциясы 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен (тоқтатылған редакциясын ҚР 25.12.2017 Салық кодексінің 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасынан қараңыз).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет