Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Төлем көзінен ұстап қалатын жеке табыс салығы бойынша жалпы ережелер



бет294/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   626
350-бап. Төлем көзінен ұстап қалатын жеке табыс салығы бойынша жалпы ережелер

      1. Жеке табыс салығын есептеуді, ұстап қалуды және бюджетке төлеуді төлем көзінен салық агенті осы Кодекстің 321-бабының 1) – 12) және 17) тармақшаларында көрсетілген кірістер бойынша, егер мұндай кірістерді аталған салық агенті төлеуге тиіс болса (төлесе), жүзеге асырады.

      2. Егер осы баптың 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, резидент-жеке тұлғаға кіріс төлейтін мынадай тұлғалар салық агенттері деп танылады:

      1) дара кәсіпкер;

      2) жеке практикамен айналысатын адам;

      3) заңды тұлға, оның ішінде Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент.

      Бұл ретте бейрезидент-заңды тұлға филиалын, өкілдігін немесе филиал немесе өкілдік ашпай тұрақты мекемесін Қазақстан Республикасының салық органдарында тіркеу есебіне қойған күннен бастап салық агенті деп танылады;

      4) егер филиал, өкілдік қосарланған салық салуды болғызбау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шартқа немесе осы Кодекстің 220-бабына сәйкес тұрақты мекеме құрмаса, Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға.

      3. Мыналар салық агенттері деп танылмайды:

      1) Қазақстан Республикасында аккредиттелген, шет мемлекеттің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктері, шет мемлекеттің консулдық мекемелері;

      2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес төлем көзінен жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттемеден босатылған халықаралық және мемлекеттік ұйымдар, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар және қорлар.

      4. Резидент-заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесіне бір мезгілде мынадай міндетті жүктеуге құқылы:

      төлем көзінен салық салуға жататын, осындай құрылымдық бөлімше есепке жазған, төлеген кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару;

      осындай құрылымдық бөлімшенің шығыстары болып табылатын салық салу объектілері бойынша әлеуметтік салықты есептеу және төлеу.

      Резидент-заңды тұлға қабылдаған осындай шешім:

      жаңадан құрылған құрылымдық бөлімшеге қатысты – осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған тоқсаннан кейінгі тоқсанның басынан бастап;

      қалған жағдайларда – осындай шешім қабылданған тоқсаннан кейінгі тоқсанның басынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Резидент-заңды тұлғаның осындай шешімінің күшін жою осындай шешімнің күші жойылған тоқсаннан кейінгі тоқсанның басынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      5. Депозитарлық қолхаттар бойынша кірістерден жеке табыс салығын есептеуді және ұстап қалуды осындай депозитарлық қолхаттардың базалық активінің эмитенті жүргізеді.

      Депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түрінде резидентке төленетін кірістер бойынша салық агентінің салықтық міндеттемені орындау, сондай-ақ төлем көзінен ұсталып қалған табыс салығын қайтару тәртібі осы Кодекстің 310-бабына сәйкес айқындалады.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      351-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 26.12.2018 № 203-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі!
      351-баптың осы редакциясы 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен (тоқтатылған редакциясын ҚР 25.12.2017 Салық кодексінің 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасынан қараңыз).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет