3-бап. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданыста болады және жеке тұлғаларға, заңды тұлғаларға және олардың құрылымдық бөлімшелеріне қолданылады.
2. Салықтық әкімшілендіру, салықтық есептілікті белгілеу ерекшеліктері, сондай-ақ салық төлеушілердің (салық агенттерінің) жағдайын жақсарту бойынша өзгерістер мен толықтыруларды қоспағанда, осы Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізетін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері ағымдағы жылғы 1 желтоқсаннан кешіктірілмей қабылдануы және олар қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан кейін қолданысқа енгізілуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |