375-бап. Комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін талаптармен жүзеге асырылатын өткізу бойынша айналымдар
1. Мыналар комиссионердің өткізу бойынша айналымы болып табылмайды:
комитенттiң тапсырмасы бойынша комиссионердің комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін талаптармен тауарларды өткізуі, жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі;
комиссионердің комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін талаптармен комитент үшін сатып алынған тауарларды комитентке беруі;
осындай жұмыстар, көрсетілетін қызметтер комиссионердің бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналымы болып табылатын жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлға комиссионермен жасасқан мәмiле бойынша осындай үшінші тұлғаның комитент үшін жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі.
2. Осы баптың 1-тармағының ережелері Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын және қызметін құрылымдық бөлімше арқылы жүзеге асырмайтын бейрезидент-комитенттен алынған тауарды өткізуге қатысты қолданылмайды. Бұл жағдайда тауарды өткізу комиссионердің өткізу бойынша айналымы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |