Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Қосылған құн салығынан босатылған, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар



бет334/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   330   331   332   333   334   335   336   337   ...   626
394-бап. Қосылған құн салығынан босатылған, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар

      Өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылатын мынадай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді:

      1) осы Кодекстің 395 – 398-баптарында көрсетілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;

      2) акциздiк маркаларды (осы Кодекстiң 172-бабына сәйкес акцизделетiн тауарларды таңбалауға арналған есепке алу-бақылау маркаларын);

      3) мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясы мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға өткізетін, мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару талаптарына сәйкес жасалған шарттар бойынша бұрын сатып алынған ғимаратты, құрылысты және осындай мүлік орналасқан жер учаскелерін;

      4) мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясының мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару талаптарына сәйкес жасалған шарттар бойынша сатып алынған ғимаратты, құрылысты және осындай мүлік орналасқан жер учаскелерін мүліктік жалдау (жалға алу) шарттары бойынша уақытша иеленуге және пайдалануға беруі бойынша көрсетілетін қызметтерді;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекемеге немесе мемлекеттік кәсіпорынға өтеусіз негізде берілетін мүлікті;

      6) лотерея операторының лотерея қатысушысына беретін ұтыстар түріндегі мүлікті;

      7) төлем қарточкаларымен және электрондық ақшамен жасалатын операциялар бойынша ақпаратты жинау, өңдеу және есеп айырысуларға қатысушыларға таратып беру бойынша қызметтер көрсетуді қоса алғанда, есеп айырысуларға қатысушылар арасында ақпараттық және технологиялық өзара iс-қимылды қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтерді;

      8) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырыла отырып әкелінген тауарларды қайта өңдеу және (немесе) жөндеу бойынша көрсетілетін қызметтерді;

      9) Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін басқару бойынша үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерi кооперативiнің қызметі шеңберінде көрсетілетін қызметтерді;

      10) ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын;

      11) егер өткізу жүзеге асырылған салықтық кезеңде, сондай-ақ алдындағы төрт салықтық кезең ішінде мынадай талаптардың бірі сақталса:

      мүгедектердің орташа саны жұмыскерлердің жалпы санының кемiнде 51 пайызын құраса;

      мүгедектердің еңбегіне ақы төлеу бойынша шығыстар еңбекке ақы төлеу бойынша жалпы шығыстардың кемiнде 51 пайызын (есту, сөйлеу, көру қабiлетiнен айырылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдарда – кемiнде 35 пайызын) құраса, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.

      Осы тармақшаның ережелері акцизделетiн тауарларды өткізу бойынша айналымдарға қолданылмайды.

      Ұзақ мерзімді келісімшарттар шеңберінде өткізу бойынша айналымдарға қатысты осы тармақшаның ережелері осы тармақта белгіленген талаптар сақталған кезде, осындай келісімшарттың бүкiл қолданылу мерзiмi iшiнде қолданылады;

      12) егер мәміле шарттарында салық төлеушінің өткізілген тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің сапасына кепілдік беруі көзделсе, тауарларды пайдаланудың мәміледе белгіленген кепілдік мерзімі кезеңінде, қосалқы бөліктері мен бөлшектерінің құнын қоса алғанда, оларды өтеусіз жөндеу және (немесе) оларға техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;

      13) егер осы Кодекстің 392-бабында өзгеше белгіленбесе, қор биржасында жасалған мәміле негізінде не егер осындай мәміле тараптарының бірі екінші деңгейдегі банк, "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған аффинирленген құйма алтынды өздерінің айырбастау пункттері арқылы сатып алуды және сатуды жүзеге асыруға құқығы бар заңды тұлғалар, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы – заңды тұлға немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылса, құймалар мен тілімдер түріндегі инвестициялық алтынды;

      14) 01.01.2019 дейін қолданыста болды - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.

      15) туроператордың келу туризмі бойынша көрсетілетін қызметтерін;

      16) ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен берілетін ақшалай нысандағы қарыз операцияларын;

      17) бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды;

      18) түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын;

      19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес діни бірлестіктердің діни жоралар мен рәсімдер өткізуі бойынша көрсетілетін қызметтерді;

      20) Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген діни бірлестіктердің діни мақсаттағы заттарды өткізуі бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.

      Көрсетілген тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру өлшемшарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді;

      21) жерлеу бюроларының жерлеу қызметтерін, зираттар мен крематорийлердің көрсетілетін қызметтерін;

      22) Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасына сәйкес коммерциялық емес ұйымдар жүзеге асыратын арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді;

      23) Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік тапсырма шеңберінде жүзеге асырылатын мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу бойынша көрсетілетін қызметтерді;

      24) музейлердің мәдени, білім беру, ғылыми-зерттеу функцияларды жүзеге асыруы және Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының кеңінен танылуын қамтамасыз етуі бойынша көрсетілетін қызметтерді;

      25) кітапханалардың ақпараттық, мәдени, білім беру функцияларды жүзеге асыруы бойынша көрсетілетін қызметтерді;

      26) театрлар, филармониялар, мәдени-демалыс ұйымдары жүзеге асыратын мәдениет және білім беру саласындағы көрсетілетін қызметтер мен жұмыстарды;

      27) қызметтің осы түрін жүзеге асыру құқығына арналған лицензия негізінде жүргізілетін тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстарын;

      28) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту саласындағы білім берудің көрсетілетін қызметтерін;

      29) бiлiм беру қызметімен айналысуға арналған лицензиясы бар білім беру ұйымы көрсететін қосымша білім беру бойынша көрсетілетін қызметтерді;

      30) қызметтiң осы түрлерiн жүзеге асыру құқығына арналған тиiстi лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру саласындағы бiлiм берудің көрсетілетін қызметтерін;

      31) осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағы 2) немесе 4) тармақшасының шарттарына сәйкес келетін дербес білім беру ұйымдарының осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған қызмет түрлерін жүзеге асыруы бойынша көрсетілетін қызметтерді;

      32) білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензиясы бар білім беру ұйымдарының, сондай-ақ осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2), 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген дербес білім беру ұйымдарының кітапхана қорын, оның ішінде электрондық нысанда уақытша пайдалануға беруі бойынша көрсетілетін қызметтерді;

      33) протездік-ортопедиялық бұйымдар мен сурдотифлотехниканы қоса алғанда, кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде фармацевтикалық субстанцияларды (активті фармацевтикалық субстанцияларды), медициналық бұйымдарды, сондай-ақ оларды өндіруге арналған материалдар мен жинақтауыш заттарды;

      34) ветеринария саласында пайдаланатын (қолданылатын) кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде фармацевтикалық субстанцияларды (активті фармацевтикалық субстанцияларды); протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, ветеринариялық мақсаттағы бұйымдарды және ветеринариялық техниканы; ветеринария саласында пайдаланатын (қолданылатын) кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде фармацевтикалық субстанцияларды (активті фармацевтикалық субстанцияларды) өндіруге және протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, ветеринариялық мақсаттағы бұйымдарды және ветеринариялық техниканы өндіруге арналған материалдар мен жинақтауыш заттарды;

      35) медициналық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар денсаулық сақтау субъектісі көрсететін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес (оның ішінде лицензиялауға жатпайтын медициналық қызметті жүзеге асыру кезінде) медициналық көмек нысанындағы көрсетілетін қызметтерді;

      36) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік ұйымы көрсететін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы көрсетілетін қызметтерді;

      37) мыналар:

      ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғалар;

      Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген, ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне енгізілген жеке және заңды тұлғалар;

      Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасына сәйкес құрылған мемлекеттік ветеринария ұйымдары ветеринария саласында көрсететін қызметтерді;

      38) бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде:

      өткізілетін көлік құралының және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының құрамына осы Кодекстің 399-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына немесе 451-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығынан босатылатын бұрын әкелінген шикізат және (немесе) материалдар кірсе;

      өткізілетін көлік құралының және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының құрамындағы шикізатты және (немесе) материалдарды әкелуді көрсетілген көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өткізетін заңды тұлға жүзеге асырса;

      көлік құралдары және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасы индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша бекіткен, өткізілуі қосылған құн салығынан босатылатын көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасының тізбесіне енгізілсе, көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын;

      39) "Қорғас" халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы" арнайы экономикалық аймағының аумағында өткізілетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;

      40) мемлекеттік тапсырманы жүзеге асыруға арналған шарттар негізінде жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарын;

      РҚАО-ның ескертпесі!


      41) тармақша 01.01.2027 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.

      41) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым осы Кодекстің 292-бабында көзделген қызмет түрлері бойынша өткізетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;

      42) мемлекеттік тапсырманы жүзеге асыруға арналған шарттар негізінде дене шынықтыру-спорт ұйымдары көрсететін қызметтерді;

      43) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне ақы төлеуге әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына бюджеттен трансферттер шеңберіндегі фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді;

      43-1) бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде:

      жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес тауарлар инфрақұрылым объектілерін, ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, музейлерді, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу және пайдалануға беру процесінде толық тұтынылған;

      тауарлар арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және тарату саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша бекіткен тауарлар тізбесіне енгізілген;

      "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағында инфрақұрылым объектілерін, ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, музейлерді, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салуды жүзеге асыратын ұйымдармен тауарларды жеткізуге арналған шарт (келісімшарт) болған;

      тауарлардың тиеп-жөнелтілгенін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері болған;

      сатып алушының тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері болған кезде "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағында өндірілген және өткізілетін тауарларды өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады;

      Осы баптың мақсаттары үшін, егер мұндай тауарлар Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес еркін кедендік аймақ рәсімімен орналастыруға жататын болса, мұндай тауарларды өнім беруші мен сатып алушы еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырған және олар кедендік бақылауда болған жағдайда инфрақұрылым объектілерін, ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, музейлерді, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін тұрғызу процесіне тікелей тартылған тауарлар (электр энергиясын, бензинді, дизель отыны мен суды қоспағанда) құрылыс процесінде толық тұтынылатын тауарлар деп түсініледі;

      44) фильмдер шығару кезінде инвестор үшін кинематографиялық ұйым орындайтын және көрсететін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      45) тармақша 01.01.2029 дейін қолданыста болады - ҚР 26.12.2018 № 203-VI Заңымен.

      45) осы Кодекстің 293-бабы 4-3-тармағының шарттарына сай келетін "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар өндіретін және өткізетін тауарларды;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      46) тармақша 01.01.2029 дейін қолданыста болады - ҚР 26.12.2018 № 203-VI Заңымен.

      46) осы Кодекстің 293-бабы 4-3-тармағының шарттарына сай келетін "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар өткізетін жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.

      Осы баптың бірінші бөлігінің 33) тармақшасында көрсетілген тауарлардың тізбесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді.

      Осы баптың бірінші бөлігінің 34) тармақшасында көрсетілген тауарлардың тізбесін агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді.

      Осы баптың бірінші бөлігінің 44) тармақшасында көрсетілген жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін кинематография саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді.

      Ескерту. 394-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР 26.12.2018 № 203-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 210-VІ (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 211-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2019 № 213-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   330   331   332   333   334   335   336   337   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет