Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару тәртібі мен мерзімдері



бет367/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   363   364   365   366   367   368   369   370   ...   626
431-бап. Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару тәртібі мен мерзімдері

      1. Қосылған құн салығының асып кетуін салық төлеушіге қайтару:

      1) егер осы Кодекстің 432, 433 және 434-баптарында өзгеше белгіленбесе, осы бапта белгіленген тәртіппен және мерзімдерде;

      2) салықтық кезеңдегі қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген оның қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талабы негізінде жүзеге асырылады.

      2. Егер осы Кодекстің 432, 433 және 434-баптарында өзгеше белгіленбесе, тексеру нәтижелерімен расталған қосылған құн салығының асып кету сомасын салық төлеушіге қайтару мынадай мерзімдерде жүргізіледі:

      қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талап қойылған салықтық кезең үшін шот-фактураларды жазып беру мен алуды электрондық нысанда ғана жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын тәуекел аймағындағы салық төлеушілердің санатына жатқызылмаған салық төлеушіге – отыз жұмыс күні ішінде;

      қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талап қойылған салықтық кезең үшін өткізу бойынша жалпы салық салынатын айналымда кемінде 70 пайызды құрайтын нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналымдарды жүзеге асыратын салық төлеушіге – елу бес жұмыс күні ішінде;

      қалған жағдайларда – күнтізбелік бір жүз елу бес күн ішінде.

      Бұл ретте қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару мерзімінің өтуі осы Кодекстің 212-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес ұзарту кезеңін ескере отырып, осы Кодексте қосылған құн салығы бойынша декларацияны салық органына ұсыну үшін белгіленген соңғы күн өткеннен кейін басталады.

      Осы тармақтың мақсатында мыналар қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару үшін негіздер болып табылады:

      1) шағым жасау (салық төлеуші шағым жасаған кезде) нәтижелерін ескере отырып, қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып кету сомасының анықтығын растау жөніндегі салықтық тексеру актісі;

      2) осы Кодекстің 152-бабының 13-тармағында көзделген жағдайда ресімделген салықтық тексеру актісіне қорытынды.

      3. Қосылған құн салығының асып кетуін:

      1) мыналар:

      шағын бизнес субъектілері;

      шаруа немесе фермер қожалықтары;

      ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін белгіленген арнаулы салық режимдерінде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын салық төлеушіге;

      РҚАО-ның ескертпесі!


      2) тармақшаның осы редакциясы 01.01.2021 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен (тоқтатылған редакциясын ҚР 25.12.2017 Салық кодексінің 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасынан қараңыз).

      2) осы Кодекстің 372-бабы 5-тармағы 28) тармақшасының және 411-бабының ережелерін қолданған салықтық кезеңдер үшін салық төлеушіге қайтару жүргізілмейді.

      4. Бюджеттен қайтаруға расталған қосылған құн салығының асып кету сомасы осы Кодекстің 104-бабында айқындалған тәртіппен салық төлеушіге қайтарылады.

      5. Салық төлеуші декларацияда қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талапты көрсеткен, бюджеттен қайтарылған, бірақ кейіннен салықтық бақылау нәтижелері бойынша расталмаған қосылған құн салығының асып кету сомасын салық төлеуші осы Кодекстің 96-бабы 2-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес ол келіскен жағдайда камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама немесе тексеру нәтижелері туралы хабарлама негізінде бюджетке төлеуге тиіс.

      Егер қосылған құн салығының асып кету сомасын салық төлеушіге қайтару бұрын осы Кодекстің 104-бабының 4-тармағына сәйкес осы салық төлеушінің пайдасына өсімпұлды есепке жазу және аудару арқылы жүргізілген болса, бұрын салық төлеушіге аударылған және салықтық бақылау нәтижелері бойынша расталмаған, қосылған құн салығының асып кетуінің қайтарылған сомасына тура келетін өсімпұл осы Кодекстің 96-бабы 2-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес ол келіскен жағдайда камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама немесе тексеру нәтижелері туралы хабарлама негізінде бюджетке төленуге жатады.

      6. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген сомалар осы Кодекстің 104-бабының 4-тармағында көрсетілген мөлшерде бюджеттен қайтарылған күннен бастап әрбір күн үшін өсімпұлды есептей отырып бюджетке төленуге жатады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   363   364   365   366   367   368   369   370   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет