Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Салық салу объектісі



бет411/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   407   408   409   410   411   412   413   414   ...   626
484-бап. Салық салу объектісі

      1. Төлеушілердің өздерін қоса алғанда, жұмыскерлердің саны оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, дара кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын адамдар үшін салық салу объектісі болып табылады.

      2. Мыналардың:

      1) жұмыскердің осы Кодекстің 322-бабының 1-тармағында көрсетілген кірістері (оның ішінде жұмыс берушінің осы Кодекстің 644-бабы 1-тармағының 20), 23) және 24) тармақшаларында көрсетілген шығыстары) бойынша жұмыс берушінің;

      2) осы Кодекстің 220-бабының 7-тармағында көрсетілген шетелдік персоналдың кірістері бойынша салық агентінің шығыстары осы Кодекстің 482-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген төлеушілер үшін салық салу объектісі болып табылады.

      3. Мыналар салық салу объектісінен алып тасталады:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін міндетті зейнетақы жарналары;

      2) 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.


      РҚАО-ның ескертпесі!
      3) тармақшаға енгізілген өзгеріс 01.01.2029 дейін қолданыста болады - ҚР 26.12.2018 № 203-VI Заңымен.

      3) осы Кодекстің 341-бабы 1-тармағының 10) тармақшасында белгіленген кірістерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жұмыскерлердiң кірістері бөлігінде осы Кодекстiң 341-бабы 1-тармағының 53) тармақшасында белгіленген кірістерді қоспағанда, осы Кодекстің 341-бабының 1-тармағында белгіленген кірістер;

      4) осы Кодекстің 654-бабы 1-тармағының 10) тармақшасында белгіленген кірістер;

      5) гранттар қаражаты есебінен жүргізілетін төлемдер.

      Егер төлемдер грант алушымен не гранттың мақсаттарын (міндеттерін) жүзеге асыру үшін грант алушы тағайындаған орындаушымен жасалған шартқа (келісімшартқа) сәйкес жүргізілсе, осы тармақшаның ережелері қолданылады.

      4. Егер осы баптың 2-тармағында көрсетілген, осы баптың 3-тармағы ескеріле отырып айқындалған салық салу объектісі күнтізбелік ай үшін бір теңгеден бастап республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осы күнтізбелік айдың бірінші күніне қолданыста болатын ең төменгі жалақы мөлшеріне дейінгі соманы құраса, онда салық салу объектісі осындай ең төменгі жалақы мөлшері негізге алына отырып айқындалады.

      Ескерту. 484-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 26.12.2018 № 203-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   407   408   409   410   411   412   413   414   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет