494-бап. Салық төлеу мерзiмдерi мен тәртібі
1. Заңды тұлғалар ағымдағы төлемдер сомасын төлеуді салық салу объектiлерiнiң тiркелген жерi бойынша ағымдағы төлемдердi салық кезеңiнiң 5 шiлдесiнен кешiктiрмей енгiзу арқылы жүргiзедi.
2. Көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе жедел басқару құқығын салықтық кезеңнің 1 шiлдесінен кейiн алған жағдайда, заңды тұлғалар көрсетiлген көлiк құралы бойынша салық төлеудi салықтық кезең үшiн декларацияны ұсыну мерзiмi басталғаннан кейiнгi күнтізбелік он күннен кешiктiрмей жүргiзедi.
3. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салықтық кезеңнің 31 желтоқсанынан кешіктірмейтін күн жеке тұлғалар үшін бюджетке салық төлеу мерзімі болып табылады.
Салық салу объектісі болып табылатын көлік құралына қатысты Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасына сәйкес тіркеу әрекеттері жүзеге асырылған жағдайда, меншік құқығын беретін тұлға осындай объектіні иеленген іс жүзіндегі кезең үшін төленуге жататын салық сомасы осы Кодексте айқындалған тәртіппен көрсетілген әрекеттер жасалғанға дейін бюджетке енгізілуге тиіс.
4. Жеке тұлғалар салық төлеуді тұрғылықты жері бойынша жүргізеді.
5. Көлiк құралының меншiк иесi атынан иеліктен шығару құқығымен көлік құралын басқаруға арналған сенімхат негізінде сенім білдірілген болып табылатын жеке тұлғаның салықтық кезең үшін көлiк құралдарына салық төлеуi көлiк құралы меншiк иесiнiң осы салық кезеңi үшiн салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады.
59-тарау. САЛЫҚТЫҚ КЕЗЕҢ ЖӘНЕ САЛЫҚТЫҚ ЕСЕПТІЛІК
Достарыңызбен бөлісу: |