Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің салықты есептеу тәртiбi мен төлеу мерзiмдерi



бет434/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   430   431   432   433   434   435   436   437   ...   626
512-бап. Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің салықты есептеу тәртiбi мен төлеу мерзiмдерi

      1. Салық төлеушілер жер салығының сомаларын салықтық базаға тиiстi салық мөлшерлемесін қолдану арқылы өз бетінше есептейдi.

      2. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердi салықтық кезең iшiнде есептеуге және төлеуге мiндеттi.

      3. Ағымдағы төлемдердің мөлшерi салықтық кезеңнiң басында болған салық салу объектiлерi бойынша салықтық базаға тиiстi салықтық мөлшерлемелерді қолдану арқылы айқындалады.

      4. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер ағымдағы салық төлемдерінің сомаларын салықтық кезеңнің 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан және 25 қарашасынан кешіктірмей тең үлестермен төлейді.

      5. Салықтық кезең ішінде салықтық міндеттемелер туындаған кезде, оның ішінде осы Кодекстiң 498-бабы 3-тармағының 3) және 7) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалар салық салу объектiлерiн пайдалануға, сенімгерлік басқаруға берген немесе мүліктік жалдау (жалға беру) шарты бойынша берілген кезде:

      1) осындай салықтық кезең ішінде ағымдағы салық сомаларын төлеудің келесі кезекті мерзімі оларды бірінші төлеу мерзімі болып табылады;

      2) ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін осы баптың 8-тармағында көзделген мерзімдерде тек түпкілікті есеп айырысу және салық сомасын төлеу жүргізіледі.

      6. Жер салығы бойынша мiндеттемелер салықтық кезең iшiнде өзгерген кезде ағымдағы төлемдер, егер осы баптың 7-тармағында өзгеше белгіленбесе, салықтық мiндеттемелердiң өзгеру сомасына осындай салықтық кезеңде жер салығын төлеудiң алдағы мерзiмдерi бойынша тең үлестермен түзетiледi.

      7. Салық салу объектiлерiне құқықтар салықтық кезеңнің iшiнде берiлген жағдайда салық сомасы жер учаскесiне иелік етудің іс жүзіндегі кезеңi үшiн есептеледi.

      Осы құқықтарды беретiн тұлғаның жер учаскесiне iс жүзiнде иелiк еткен кезеңi үшiн төлеуге жататын салық сомасы құқықтарды мемлекеттiк тiркеуге дейiн немесе тiркеген кезде бюджетке енгiзiлуге тиiс. Бұл ретте осы құқықтарды беретін тұлға салық сомасын ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап өзi жер учаскесiн беретiн айдың басына дейiн есептейдi. Осындай құқықтарды алған тұлға салық сомасын оның жер учаскесiне құқығы туындаған айдың басынан басталатын кезең үшiн есептейдi.

      8. Салық төлеушi салықтық кезең үшін декларацияны ұсыну мерзiмi басталғаннан кейiн күнтізбелік он күннен кешiктiрмей түпкілікті есеп айырысуды жүргiзеді және жер салығын төлейдi.

      9. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер салықтық кезең үшін декларация ұсыну мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жер салығын төлейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   430   431   432   433   434   435   436   437   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет