Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының жерiне арналған салықтық мөлшерлемелер



бет431/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   427   428   429   430   431   432   433   434   ...   626
508-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының жерiне арналған салықтық мөлшерлемелер

      1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының ауыл шаруашылығы мақсаттарында пайдаланылатын жерiне осы Кодекстiң 510-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, осы Кодекстiң 503-бабында белгiленген базалық мөлшерлемелер бойынша жер салығы салынады.

      2. Жеке және заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсаттарынан басқа өзге де мақсаттар үшін пайдалануға берiлген ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының жерi осы Кодекстiң 510-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, осы Кодекстiң 506-бабында белгiленген мөлшерлемелер бойынша салық салынуға жатады.

509-бап. Автотұрақтарға (паркингтерге), автожанармай құю станцияларына бөлінген, казино орналасқан, сондай-ақ тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелеріне арналған салықтық мөлшерлемелер

      1. Елді мекендердің автожанармай құю станцияларына бөлінген жеріне осы Кодекстің 505-бабы кестесінің 3-бағанында белгіленген елді мекендер жеріне арналған, он есе ұлғайтылған базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынуға жатады.

      Автожанармай құю станцияларына бөлінген басқа санаттардағы жер жақын орналасқан елді мекеннің жері үшін осы Кодекстің 505-бабы кестесінің 3-бағанында белгіленген елді мекендер жеріне арналған, он есе ұлғайтылған базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынуға жатады. Бұл ретте салықты есептеу кезінде жеріне базалық мөлшерлемелер қолданылатын жақын орналасқан елді мекенді жергілікті өкілді орган айқындайды.

      Жергілікті өкілді органның шешімі бойынша салық мөлшерлемелері төмендетілуі мүмкін, бірақ ол осы Кодекстің 505-бабында белгіленгеннен кем болмайды.

      2. Елдi мекендердiң казино орналасқан жерiне осы Кодекстiң 505-бабында белгiленген елдi мекендер жерiне арналған, он есе ұлғайтылған базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынуға жатады.

      Казино орналасқан басқа да санаттардағы жерге, тұрғын үй қоры, оның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жердi қоспағанда, жақын орналасқан елдi мекеннің жерi үшiн осы Кодекстiң 505-бабында белгiленген елдi мекендердiң жерiне арналған, он есе ұлғайтылған базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынуға жатады.

      Елдi мекеннiң жерiне салықты есептеу кезiнде қолданылатын базалық мөлшерлемелерді жергiлiктi өкiлдi орган белгiлейдi.

      Жергiлiктi өкiлдi органның шешiмi бойынша салық мөлшерлемелері төмендетiлуi мүмкiн, бiрақ ол осы Кодекстiң 505-бабында белгiленгеннен кем болмайды.

      3. Елді мекендердің автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жеріне осы Кодекстің 505-бабы кестесінің 3-бағанында белгіленген елді мекендердің жеріне арналған базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынуға жатады.

      Автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген басқа санаттардағы жерге жақын орналасқан елді мекеннің жері үшін осы Кодекстің 505-бабы кестесінің 3-бағанында белгіленген елді мекендердің жеріне арналған базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынуға жатады. Бұл ретте салықты есептеу кезінде жеріне базалық мөлшерлемелер қолданылатын жақын орналасқан елді мекенді жергілікті өкілді орган айқындайды.

      Автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерге арналған базалық салық мөлшерлемесі жергілікті өкілді органның шешімі бойынша ұлғайтылуы мүмкін, бірақ ол он еседен артық болмайды. Осы тармақта көзделген, жергілікті өкілді орган белгілейтін мөлшерлемелерді ұлғайту автотұрақтар (паркингтер) санаттарына қарай жүргізіледі.

      Бұл ретте жекелеген салық төлеушілер үшін жер салығының мөлшерлемелерін жеке-дара азайтуға немесе арттыруға тыйым салынады.

      4. Объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша осы Кодекстiң 505-бабы кестесінің 23 – 26-жолдарында көрсетілген мөлшерлемелерден басқа, осы Кодекстiң 505, 506 және 507-баптарында және осы бапта белгіленген базалық салық мөлшерлемелері жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті орган меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты жою қажеттігі туралы жазбаша ескертуді табыс еткен күннен бастап он есеге ұлғайтылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау тәртібін жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.

      5. Жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары негізінде жергілікті өкілді органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге осы Кодекстің 503-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерін он еседен асырмай арттыруға құқығы бар.

      Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша осы тармақтың ережелеріне сәйкес арттырылған базалық салық мөлшерлемелері жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті орган меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты жою қажеттігі туралы жазбаша ескертуді табыс еткен күннен бастап қолданылады.

      6. Осы баптың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген жер учаскелері бойынша мәліметтерді жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті органның салық органдарына ұсыну тәртібін уәкілетті орган айқындайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   427   428   429   430   431   432   433   434   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет