559-бап. Жалпы ережелер
1. Жер учаскелерiн пайдаланғаны үшін төлемақы (бұдан әрi осы параграфтың мақсаттарында – төлемақы) мемлекет:
жер учаскесiн уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға);
Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде жер қойнауы учаскесін бергенi үшiн алынады.
2. Жер учаскелерiн және жер қойнауы учаскелерін беру тәртiбi Қазақстан Республикасының Жер кодексінде және Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгiленедi.
3. Жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік органдар, ал арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жергілікті атқарушы органдар немесе арнайы экономикалық аймақтардың әкімшіліктері, жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-күнінен кешiктiрілмейтін мерзімде өзiнiң тұрған жерiндегі салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер, салық салу объектілері және жер учаскелері уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) берілген кезеңдер туралы мәлiметтерді ұсынады.
4. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-күнінен кешiктiрілмейтін мерзімде төлемақы төлеушілердің тұрған жерiндегі салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер, салық салу объектілері, пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге лицензияның қолданылу кезеңі, блоктардың сәйкестендіруші координаталары және олардың дара кодтары туралы мәлiметтерді ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: |