561-бап. Салық салу объектісі
Мыналар салық салу объектісі болып табылады:
мемлекет уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) беретін жер учаскесі;
пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде берілген жер қойнауы учаскесі.
562-бап. Салықтық кезең
Салықтық кезең осы Кодекстің 314-бабына сәйкес айқындалады.
563-бап. Төлемақы мөлшерлемелері
1. Пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде берілген жер қойнауы учаскесі бойынша төлемақы мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салықтық кезеңнің 1-күніне қолданыста болатын АЕК мөлшері негізге алына отырып айқындалады және мынаны құрайды.
Р/с
№
|
Кезең
|
Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)
|
1
|
2
|
3
|
1.
|
барлауға арналған лицензия қолданысының 1-айынан бастап 36-айы аралығында, 1 блок үшін
|
15
|
2.
|
барлауға арналған лицензия қолданысының 37-айынан бастап 60-айы аралығында, 1 блок үшін
|
23
|
3.
|
барлауға арналған лицензия қолданысының 61-айынан бастап 84-айы аралығында, 1 блок үшін
|
32
|
4.
|
барлауға арналған лицензия қолданысының 85-айынан бастап және әрі қарай, 1 блок үшін
|
60
|
5.
|
Өндіруге арналған лицензия қолданысының 1-айынан бастап және әрі қарай, 1 км2
|
450
|
Осы тараудың мақсаттары үшін блок Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия берілген аумақты білдіреді. Әрбір блоктың оны сәйкестендіретін координаттары және жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган беретін жеке коды болады.
2. Қалған жер учаскелері бойынша төлемақы мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес айқындалады. Бұл ретте төлемақы мөлшерлемелері осы Кодекстің 510-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген ережелер ескерілмей, жер салығының мөлшерлемелерінен төмен емес мөлшерде белгіленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |