Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы



бет584/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   580   581   582   583   584   585   586   587   ...   626
718-бап. Төлеу мерзімдері

      Салық төлеуші бюджетке салықтың есептелген сомасын салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-күнінен кешіктірмей төлеуге міндетті.



719-бап. Салық декларациясы

      Экспортқа рента салығы бойынша декларация салық төлеушінің тұрған жеріндегі салық органына салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірілмей тапсырылады.

23-БӨЛІМ. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА САЛЫҚ САЛУ

82-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР



720-бап. Осы бөлімде реттелетін қатынастар

      1. Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың шеңберінде жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушылар осы Кодексте белгіленген барлық салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді төлейді.

      2. Осы бөлім жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары бойынша салықтық міндеттемелерді орындау тәртібін, сондай-ақ өнімді бөлу туралы келісімнің (келісімшарттың) шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салықтық міндеттемелерді орындау ерекшеліктерін белгiлейдi.

      3. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары:

      1) қол қою бонусын;

      2) тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді;

      3) жер қойнауын пайдалануға баламалы салықты;

      4) роялтиді;

      5) Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесін;

      6) пайдалы қазбаларды өндiру салығын;

      7) үстеме пайда салығын қамтиды.

      4. Кен орындарын (кен орындары тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен, тұтқырлығы жоғары, су басқан, дебиті аз және игерілген санаттарына жатқызу тәртібін, олардың тізбесін және пайдалы қазбаларды өндіру салығы бөлігінде салық салу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

      5. Қазақстан Республикасының құрлықтық қайраңында және тау-кендік бөлуде немесе тау-кендік бөлу болмаған кезде өндіруге немесе барлауға және көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартта көрсетілген көмірсутектер кен жатындары жоғарғы нүктесінің тереңдігі 4500 метрден жоғары емес және тау-кендік бөлуде немесе тау-кендік бөлу болмаған кезде өндіруге немесе барлауға және көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартта көрсетілген көмірсутектер кен жатындары төменгі нүктесінің тереңдігі 5000 метр және одан төмен кен орындарында өндіруге немесе барлауға және көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарттар бойынша салықтық міндеттемелерді орындау тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің, пайдалы қазбаларды өндiру салығының және үстеме пайда салығының орнына баламалы салықты есептеу және төлеу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   580   581   582   583   584   585   586   587   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет