768-бап. Салықтық мөлшерлеме
Жер қойнауын пайдалануға баламалы салық осы Кодекстің 741-бабының 3-тармағында айқындалған тәртіппен есептелген мұнайдың әлемдік бағасы негізге алына отырып, мына мөлшерлемелер бойынша есептеледі:
Р/с
№
|
Әлемдік баға
|
Мөлшерлеме %-бен
|
1
|
2
|
3
|
1.
|
Бiр баррель үшiн 50 АҚШ долларын қоса алғанға дейiн
|
0
|
2.
|
Бiр баррель үшiн 60 АҚШ долларын қоса алғанға дейiн
|
6
|
3.
|
Бiр баррель үшiн 70 АҚШ долларын қоса алғанға дейiн
|
12
|
4.
|
Бiр баррель үшiн 80 АҚШ долларын қоса алғанға дейiн
|
18
|
5.
|
Бiр баррель үшiн 90 АҚШ долларын қоса алғанға дейiн
|
24
|
6
|
Бiр баррель үшiн 90 АҚШ долларынан жоғары
|
30
|
769-бап. Салықтық кезең
1. Жер қойнауын пайдалануға баламалы салық үшін салықтық кезең күнтізбелік жыл болып табылады.
2. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күнтізбелік жыл ішінде жасалған болса, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күшіне енген күннен бастап күнтізбелік жылдың соңына дейінгі уақыт кезеңі осындай келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалануға баламалы салықты есептеу үшін бірінші салықтық кезең болып табылады.
3. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы күнтізбелік жылдың соңына дейін өткен болса, күнтізбелік жылдың басынан бастап жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы аяқталған күнге дейінгі уақыт кезеңі осындай келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалануға баламалы салықты есептеу үшін соңғы салықтық кезең болып табылады.
4. Егер күнтізбелік жыл басталғаннан кейін күшіне енген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы осы күнтізбелік жылдың соңына дейін өткен болса, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күшіне енген күннен бастап жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы аяқталған күнге дейінгі уақыт кезеңі осындай келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалануға баламалы салықты есептеу үшін салықтық кезең болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |