Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері



бет90/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   626
116-бап. Мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері

      1. Салық төлеушінің (салық агентінің) белгіленген мерзімде орындалмаған салықтық міндеттемесін орындау мынадай:

      1) салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдердің төленбеген сомасына өсімпұлды есепке жазу;

      2) салық төлеуші (салық агенті) – заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның банктік шоттары (корреспонденттiкті қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;

      3) салық төлеуші (салық агенті) – заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;

      4) салық төлеуші (салық агенті) – заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның мүлікке билік етуін шектеу тәсілдерімен қамтамасыз етілуі мүмкін.

      Егер салықтық міндеттемелерді орындау осы Кодекстің 722-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес операторға жүктелсе, онда мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етудің:

      осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген тәсілдері операторға қатысты қолданылады;

      осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген тәсілдері бір мезгілде операторға және жай серіктестіктің (консорциумның) әрбір қатысушысына қатысты қолданылады.

      2. Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген, мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері осы Кодекстің 118, 119 және 120-баптарында белгіленген мерзімдерде қолданылады.

      Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген, мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану басталғанға дейін тәуекел деңгейі орташа және жоғары салық төлеушіге (салық агентіне), осы баптың 3-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама жіберіледі.

      Өсімпұлды есепке жазуды қоспағанда, мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері осы тарауда көзделген мерзімдерде тәуекел деңгейі орташа және жоғары салық төлеушілерге (салық агенттеріне) салықтық берешегі түзілген күні немесе салық төлеуші (салық агенті) тәуекел деңгейі төмен санаттан тәуекел деңгейі орташа немесе жоғары санатқа өткен күні салық төлеуші (салық агенті) жатқызылған тәуекел деңгейіне қарай қолданылады.

      3. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі өзіне салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілгеннен кейін отыз жұмыс күні ішінде салықтық берешекті өтемеген жағдайда, салық органы салық төлеушіге (салық агентіне) – осы құрылымдық бөлімшені құрған заңды тұлғаға осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген, мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолданады.

      Заңды тұлғада біреуден астам құрылымдық бөлімше болған кезде, осы тармақтың бірінші бөлігінде айқындалған тәртіппен мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін оған қолданғаннан кейін заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі салықтық берешекті өтемеген жағдайда, салық органы мұндай заңды тұлғаның барлық құрылымдық бөлімшесіне бір мезгілде осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген, мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолданады.

      Заңды тұлға өзіне салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілгеннен кейін отыз жұмыс күні ішінде салықтық берешекті өтемеген жағдайда, салық органы салық төлеуші – заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелеріне осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген, мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолданады.

      4. Осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетiлген, мерзiмiнде орындалмаған салықтық мiндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсiлдерiнің мынадай:

      1) банкрот деп танылған жағдайда – соттың салық төлеушіні банкрот деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап;

      2) оңалту рәсімі қолданылған жағдайда – соттың оңалту жоспарын бекіту туралы ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап;

      3) төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді сот бекіткен жағдайда – соттың осындай келісімді бекіту туралы ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап;

      4) екінші деңгейдегі банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда – соттың мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап күші жойылуға жатады.

      Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында айқындалған жағдайларда, Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілмеген салықтық міндеттеменің сомасы бойынша және (немесе) сот бекіткен төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімге енгізілмеген салық төлеушінің салықтық міндеттемесінің сомасы бойынша салық төлеушіге осы тараудың ережелеріне сәйкес, мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері қолданылады.

      5. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға немесе деңгейлес мониторинг нәтижелері туралы хабарламаға шағым жасалған жағдайда, салық төлеушінің (салық агентінің) мүлкіне билік етуді шектеуді қоспағанда, мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шығарылғанға дейін тоқтатыла тұрады.

      6. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық берешекті өтеу туралы хабарламаға шағым жасаған жағдайда, мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шығарылғанға дейін тоқтатыла тұрмайды.

      7. Осы тараудың мақсаты үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған мемлекеттік мекемелердің шоттары банктік шоттарға теңестіріледі, ал бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға теңестіріледі.

      8. 01.01.2019 дейін қолданыста болды - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет