115-бап. Хабарламаны табыс ету және орындау тәртібі
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, хабарлама салық төлеушiнің (салық агентінің) жеке өзiне қолын қойғызып немесе жөнелту мен алу фактiсiн растайтын өзге де тәсiлмен табыс етілуге тиiс.
Бұл ретте төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) мынадай жағдайларда:
1) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жіберілгенде – салық төлеуші (салық агенті) пошта немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына белгі қойған күннен бастап табыс етілді деп есептеледі;
Бұл ретте пошта немесе өзге де байланыс ұйымы мұндай хабарламаны пошта немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдағаны туралы белгі қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жеткізуге тиіс;
2) электрондық тәсілмен жіберілгенде:
салық органы хабарламаны веб-қосымшаға жеткізген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
РҚАО-ның ескертпесі!
2) тармақшаның үшінші абзацының осы редакциясы 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен (тоқтатылған редакциясын ҚР 25.12.2017 Салық кодексінің 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасынан қараңыз).
Бұл тәсіл осы Кодекстің 86-бабында белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеуші ретінде тіркелген салық төлеушіге қолданылады.
"электрондық үкімет" веб-порталындағы пайдаланушының жеке кабинетіне хабарламаны жеткізген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
Бұл тәсіл "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген салық төлеушіге қолданылады;
3) "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы арқылы жіберілгенде – келу тәртібімен оны алған күннен бастап табыс етілді деп есептеледі. Бұл ретте осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген есепті салықтық кезеңде есептелген салықтар сомасы туралы хабарламаны жеке тұлға есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 15 шілдесінен басталатын кезеңде алуға тиіс.
2. Егер осы баптың 3 және 4-тармақтарында өзгеше белгіленбесе, салық органдары хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы салық төлеушіге (салық агентіне) жіберген, осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 2), 3), 7) және 10) тармақшаларында көзделген хабарламаларды пошта немесе өзге де байланыс ұйымы қайтарған жағдайда, осы Кодексте белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен куәгерлер тартыла отырып, салықтық зерттеп-қарауды жүргізу күні мұндай хабарламаларды табыс ету күні болып табылады.
3. Осы Кодекстің 158-бабының 3-тармағына сәйкес салықтық зерттеп-қарау актісінің негізінде салықтық тексеру аяқталған және салық органдары хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы салық төлеушіге (салық агентіне) жіберген, осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген хабарламаларды пошта немесе өзге де байланыс ұйымы қайтарған жағдайда, мұндай хатты пошта немесе өзге де байланыс ұйымының қайтару күні мұндай хабарламаларды табыс ету күні болып табылады.
4. Салық органдары хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы салық төлеушіге (салық агентіне) жіберген, осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 5) – 12) тармақшаларында көзделген хабарламаларды пошта немесе өзге де байланыс ұйымы қайтарған жағдайда, салық органы осындай хабарламаны қайтарған күннен кейінгі күннен кешіктірмей салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін, атауын немесе тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса), хабарламаның қайтарылу күнін көрсете отырып, ол туралы ақпаратты уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырады.
5. Егер осы баптың 6-тармағында өзгеше белгіленбесе, салық органы осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 2) – 5), 10), 11), 12) және 14) тармақшаларында көрсетілген хабарламаларды жіберген жағдайда, салықтық міндеттеме және (немесе) әлеуметтік төлемдерді есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттемелер салық төлеушіге (салық агентіне) хабарлама табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде орындалуға жатады.
6. Салық төлеуші осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген таратудың салықтық тексеруінің нәтижелері туралы хабарламалармен толық келіскен жағдайда, салық төлеуші мұндай келісу туралы өтінішті хабарламаларда көрсетілген, салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді төлеу жөніндегі салықтық міндеттемелердің, сондай-ақ әлеуметтік төлемдерді аудару жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы растайтын құжаттарды қоса бере отырып ұсынады.
Бұл ретте салық төлеуші таратудың салықтық тексеруінің нәтижелері туралы хабарламалармен келісетіні туралы өтінішті хабарлама табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап жиырма бес жұмыс күнінен кешіктірмей салық органына ұсынады.
7. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген хабарламаларды табыс ету және орындау тәртібі осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 5), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген хабарламалардың көшірмелеріне де қолданылады.
8. Салық органдары осы Кодекстің 114-бабының 4-тармағында көрсетілген жағдайда салық төлеуші өтініш жасаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мұндай салық төлеушіге осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 5), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген хабарламалардың түпнұсқасын береді.
9. Осы Кодекстiң 114-бабы 2-тармағының 13) тармақшасында көзделген хабарламаны салық органы электрондық тәсілмен не хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберуге және салық төлеушi (салық агентi) хабарлама жiберiлген күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде орындауға тиiс.
13-тарау. МЕРЗІМІНДЕ ОРЫНДАЛМАҒАН САЛЫҚТЫҚ МІНДЕТТЕМЕНІҢ ОРЫНДАЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТӘСІЛДЕРІ
Достарыңызбен бөлісу: |