Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Жылдық жиынтық кірісті түзету



бет203/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   626
241-бап. Жылдық жиынтық кірісті түзету

      1. Салық төлеушілердің жылдық жиынтық кірісінен:

      1) егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, дивидендтер;

      2) мынадай шарттар бір мезгілде орындалған кезде:

      дивидендтерді есепке жазу күніне салық төлеуші осындай тәуекелдік инвестициялаудың акционерлік инвестициялық қорының акцияларын немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленсе;

      технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институтының осындай тәуекелдік инвестициялаудың акционерлік инвестициялық қорының жарғылық капиталына қатысуы 25 пайыздан астамды құраса, тәуекелдiк инвестициялаудың акционерлiк инвестициялық қорлары төлейтiн дивидендтер;

      3) жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым алған банктердің міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналарының сомасы;

      4) Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры кепілдікті жағдайларды реттеу үшін резервті ұлғайтуға бағытталған қаражат шегінде алған кепілдікті жарналар сомасы;

      5) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры алған сақтандыру ұйымдарының міндетті, қосымша және төтенше жарналарының сомасы;

      6) жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым мен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры өздерінің өтелген депозиттер мен жүзеге асырылған кепілдікті және өтемақы төлемдері бойынша талаптарын қанағаттандыру тәртібімен алған ақша сомасы;

      7) Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры тұрғын үйлердің (тұрғын үй ғимараттарының) құрылысы аяқталғаннан кейін төлемдер бойынша талаптарды қанағаттандыру тәртібімен алған ақша сомасы;

      8) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес алынған және жеке зейнетақы шоттарына бағытталған инвестициялық кірістер;

      9) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес алынған және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін ұлғайтуға бағытталған инвестициялық кірістер;

      10) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес алынған және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерін ұлғайтуға бағытталған инвестициялық кірістер;

      11) акционерлiк инвестициялық қорлар Қазақстан Республикасының инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық қызметтен алған және акционерлік инвестициялық қордың кастодианы ескерген инвестициялық кірістер;

      12) арнайы қаржы компаниясы Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес секьюритилендіру мәмілесі бойынша алған, борышты талап ету құқықтарын басқаға беруден түсетін кірістер;

      13) сенімгерлік басқару құрылтайшысы алған (оның алуына жататын), мүлікті сенімгерлік басқарудан түсетін таза кіріс;

      14) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қоры мақта өңдеу ұйымдарынан алған жыл сайынғы міндетті жарналар сомасы;

      15) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қоры астық қабылдау кәсiпорындарынан алған жыл сайынғы міндетті жарналар сомасы;

      16) мақта (астық) қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қоры жүзеге асырылған кепілдік төлемдері жөніндегі талаптарды қанағаттандыру тәртібімен алған ақша сомасы;

      17) мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясы осы Кодекстің 519-бабы 3-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген жылжымайтын мүлікті және осындай мүлік орналасқан жер учаскелерін мүліктік жалға тапсырудан (жалға беруден) және (немесе) өткізу кезінде алған кірістер;

      18) инвестициялық депозиттер түрінде алынған ақшаларды басқару процесінде ислам банкі алған, осы инвестициялық депозиттер депозиторларының шоттарына бағытталған және соларда болатын кірістер алып тасталуға жатады. Мұндай кірістерде ислам банкінің сыйақысы қамтылмайды;

      19) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес құрылған ислам арнайы қаржы компаниясы алған борышты талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кірістер;

      20) жеке тұлғалардың депозиттеріне мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым арнайы резерв активтерін орналастыру нәтижесінде алған, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қосылу шарты бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін екінші деңгейдегі банктерге қолданылатын тұрақсыздық айыбы түрінде алған кірістер алып тасталуға жатады.

      Осы тармақшаның ережелері көрсетілген кірістер арнайы резервті ұлғайтуға бағытталған жағдайда қолданылады;

      21) трансұлттық корпорациялардың қатысуымен бірлескен кәсіпорындар құру үшін, сондай-ақ шетелдік инвестициялық қорларға үлестік қатысу үшін ғана бюджеттен нысаналы аударым түрінде алынған, Қазақстан Республикасының инновациялық кластер туралы заңнамасында айқындалған дербес кластерлік қордың кірісі;

      22) "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорының кепілдікті жағдайларды реттеу үшін резервті ұлғайтуға бағытталған қаражат шегіндегі инвестициялық кірістері;

      23) осы Кодекстің 289-бабында белгіленген шарттар сақталған кезде, коммерциялық ұйымның осы Кодекстің 289-бабының 2-тармағында көзделген кірістері;

      24) білім беру саласындағы уәкілетті органның сенім білдірілген өкілінің (агентінің) бюджет қаражатының шығыстарын өтеу жөніндегі, сондай-ақ мемлекеттік білім беру кредиттері мен мемлекеттік студенттік кредиттерді қайтару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға байланысты ұйғарылған тұрақсыздық айыбы түріндегі кірістері;

      РҚАО-ның ескертпесі!


      25) тармақша 01.01.2029 дейін қолданыста болады - ҚР 26.12.2018 № 203-VI Заңымен.

      25) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған венчурлік қор өтеусіз алған және осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғаларға өтеусіз беруге арналған мүліктің құны алып тасталуға жатады.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-тармақтың екінші бөлігі 01.01.2027 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.

      Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымының жылдық жиынтық кірісінен Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін, осындай ұйымның жылдық жиынтық кірісіне қосылған және бас банкке аударылған кірістері алып тасталады.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-тармақтың үшінші бөлігі 01.01.2027 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.

      Бұл ретте, алынуға жататын кірістерді Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін кірістерге жатқызу уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындаған тәртіппен жүргізіледі.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-тармақтың төртінші бөлігі 01.01.2027 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.

      Банктің жылдық жиынтық кірісінен екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымнан осындай ұйымға бұрын берілген, кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын сатып алуға байланысты алынған талап ету құқығын беруден түсетін кірістер алып тасталады.

      2. Жылдық жиынтық кірістен:

      1) егер осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, тәуекелдік инвестициялаудың жабық пайлық инвестициялық қорлары мен тәуекелдік инвестициялаудың акционерлік инвестициялық қорлары төлейтін;

      2) егер тұтастай алғанда дивидендтер төлейтін заңды тұлға бойынша есептелген корпоративтік табыс салығының жалпы сомасында 100 пайызға азайтылған корпоративтік табыс салығының үлесі 50 және одан көп пайыз болу шартымен, өзінде азайту жүргізілген кезең үшін осындай дивидендтер есепке жазылған жағдайда, осындай азайту көзделген қызмет бойынша есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтуды жүргізетін заңды тұлға төлейтін дивидендтер алып тасталуға жатпайды.

      РҚАО-ның ескертпесі!


      2) тармақшаның екінші абзацы 01.01.2029 дейін қолданыста болады - ҚР 26.12.2018 № 203-VI Заңымен.

      Осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғалар төлейтін дивидендтерге қолданылмайды.

      3. Салық төлеушi осының алдындағы салықтық кезеңде қолданған запастарды бағалау әдiсiнен өзге әдiске ауысқан кезде, салық төлеушiнiң жылдық жиынтық кірісі жаңа бағалау әдiсiн қолдану нәтижесiнде түзілген оң айырма сомасына ұлғайтылуға және терiс айырма сомасына азайтылуға жатады.

      Салық төлеушi запастарды бағалаудың өзге әдiсiне ауысуды салықтық кезеңнің басынан бастап жүргiзедi.

      Ескерту. 241-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 04.07.2018 № 174-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2018 № 203-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет