Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін кіріс



бет192/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   626
229-бап. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін кіріс

      1. Мiндеттемелердi есептен шығарудан түсетiн кіріске:

      1) өзі бойынша кредитор салық төлеушіге оны орындау туралы талап етуді тоқтатқан мiндеттеменің мөлшері;

      2) егер осы тармақшада өзгеше көзделмесе, салық төлеушi таратылған кезде таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күні кредитор талап етпеген мiндеттеменің мөлшері жатады.

      Осы Кодекске сәйкес салық төлеушіні тарату кезінде таратудың салықтық тексеруін жүргізу немесе камералдық бақылау нәтижесі бойынша қортынды беру көзделген жағдайда, мұндай міндеттеменің мөлшері:

      салық төлеушінің бастапқы құжаттарына сәйкес төленуге жататын және аралық тарату балансын бекіту күні осындай баланста көрсетілуге жататын (көрсетілген) міндеттемелер сомасы (қосылған құн салығының сомасын қоспағанда),

      алу

      аралық тарату балансы бекітілген күннен бастап таратудың салықтық тексеруі немесе камералдық бақылау аяқталған күнге дейінгі кезеңде қанағаттандырылатын міндеттемелер сомасы ретінде айқындалады.

      Таратудың салықтық тексеруінің нәтижесі бойынша міндеттеменің мөлшерін салық органы көрсетілген кезең ішінде қанағаттандырылған міндеттемелердің іс жүзіндегі сомасын негізге ала отырып айқындайды. Мұндай міндеттеменің мөлшері салықтық тексеру актінде көрсетіледі.

      Камералдық бақылау нәтижесі бойынша міндеттеменің мөлшерін салық органы көрсетілген кезең ішінде қанағаттандырылған міндеттемелердің іс жүзіндегі сомасын негізге ала отырып айқындайды және ол камералдық бақылау нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламада көрсетіледі;

      3) салықтық кезеңде өзі бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талап қоюдың ескіру мерзiмi өткен мiндеттеменiң мөлшері;

      4) заңды күшіне енген сот шешiмiнің негізінде кредитор орындалуын талап етуге құқылы болмайтын мiндеттеменің мөлшері жатады.

      2. Мiндеттемелердi есептен шығарудан түсетін кіріс сомасы салық төлеушінің бастапқы құжаттарына сәйкес:

      осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда – талап ету тоқтатылған күні;

      осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда – Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі өткен күні;

      осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген жағдайда – сот шешімі заңды күшіне енген күні төленуге жататын міндеттемелер сомасына (қосылған құн салығының сомасын қоспағанда) тең.

      3. Осы Кодекске сәйкес күмәнді деп танылған міндеттемелерге осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелері қолданылмайды.

      4. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін кіріске кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелердің берілуіне байланысты олардың мөлшерін азайту жатпайды.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      5-тармақ 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.

      5. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін кіріске 2017 жылғы 1 қаңтарда "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операцияны жүзеге асырған банктің акцияларын және (немесе) өзге де бағалы қағаздарын тікелей немесе жанама түрде иеленген заңды тұлғаның акцияларын (қатысу үлестерін) сатып алуға байланысты туындаған берешек бойынша міндеттемелердің мөлшерін азайту жатпайды.

      6. Төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызылған банктің міндеттемелерін "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-10-бабына сәйкес жүргізілетін мәжбүрлеп қайта құрылымдауға байланысты туындаған міндеттемелердің мөлшерін азайту міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін кіріске жатпайды.

      Ескерту. 229-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет