Салқынбай А., Абақан Е. с



Pdf көрінісі
бет133/336
Дата14.12.2021
өлшемі13,56 Mb.
#126888
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   336
Байланысты:
Салқынбай линг. Түсіндірме сөздік

ЖЕСТ ТІЛІ 
(ым  тілі) -   кине- 
тикалық (жестикулят- мимикалық) 
негізде  жасалған  коммуника- 
тивті (байланыс жасаушы) жүйе. 
Глотогенез  процесінде  дыбыс- 
ты қ  тілдер  ф ункциясын  Ж .т. 
атқарып  оты рған  д еген  пікір 
бар. Ж.т. -  саңырау адамдардың 
негізгі қатынас қүралы. Солтүс- 
тік  және  О ңтүстік  Америкада, 
А в стр а л и я   мен  О ке а н и яд а ,


Ж ҰР -Ж ІК
Үндістан мен Кавказда, Жерорта 
т е ң із ін д е   құл а ғы   е стім е й тін   . 
а д а м д а р д ы ң   Ж .т.  б о л ға н ы  
белгілі.  Олардың  ішінде  Авст­
ралия  және  Солтүстік Америка 
аборигендерінің  Ж.т.  кейіннен 
мәлім  болған.  Бір  жылға  дейін 
тіл  қатпау  дәстүрі  бар  тайпа- 
ларда  (жасөспірімдер  инициа- 
циясы,  әйелдердің  аза  түтуы) 
Ж.т.  қолданған. Аң аулау кезін- 
де,  қашықтықтан хабар алу үшін 
де Ж.т.  қолданған.
Америка  үнд істерінің  Ж.т. 
100  мыңға  жуық  адам  білген. 
Бұл  тілдердің лексикасы  анық- 
талғаны м ен,  грам м атикал ы қ 
құрылымы толық зерттелмеген. 
Ж .т.-н ің   қүрылымы  дыбысты 
тілдер  құрылымынан  ерекш е 
болады.  Мыс.:  АҚШ -тың  саңы- 
раулары  қолданатын  «амслен» 
Ж.т. Франция саңы-рауларының 
Ж.т.-не жақын, бірақ Англияның 
саңыраулары  оны  түсінбейді. 
Ж естің  ең  кіш і  билатеральды 
бірлігі  -   «херем»  деп  аталады, 
олар  3  то п қа   бөлінеді:  ж ест 
оры ны ;  қо л д ы ң   ко н ф и гу р а - 
циясы; қимыл сипаты. Амсленде 
55,  Швед  Ж .т.-де  64,  Француз 
Ж .т.-де  53  херем  бар*.  Ж .т.-де 
сөйлеу  бары сы нда  Ж естпен 
қоса көзқарас, мимика,  бас пен 
дене  қимылы  да  пайдаланы- 
лады.
ЖҰРНАҚ 
-  сөзге, түбірге жал- 
ғанып,  оған  жаңа  лексикалық 
мағына  беред і,  сө й тіп   ж аңа
л е кс и ка л ы қ  тұл ға   ж а са й д ы . 
Мыс.: ек-егін-егін-ш і, егінш і-лік. 
Әрбір  Ж .-тың  өзіне  тән  грам -
матикалық  мағынасы,  тұлғасы, 
қызметі болады.  Мағынасы мен 
қызметіне  байланысты  Ж.  сөз 
тудыратын және түлға тудыратын 
болып  е к іге   б өл інед і.  Т ұ л ға  
тудыратын  Ж.  өзі  ж а л ға н ға н  
сөзге аз болса да мағына үстей- 
ді,  бірақ сөздің негізгі лексика-
семантикалық қазығынан алшақ 
к е т п е й д і,  м ы с.:  к е л -к е л м е , 
келмес,  келетін,  келгей,  кел- 
мекші,  келе т.б.  Сөз тудыратын 
Ж.  -  жалғанған  сөздің  мағына- 
сын өзгертіп, жаңа номинативті 
атау жасайды (оқу-шы, оқу-лық, 
оқыр-ман).  Құрамына қарай Ж. 
екіге  бөлінеді:  жалаң,  қүранды. 
Жалаң.  Ж.  м ағы на  ж а ғы н а н , 
түлға жағынан бөлшекгенбейтін 
б ір   б ү т ін   ж ұ р н а қ .  Қ ұ р а м ы  
жағынан  кемі  2  не  одан  да  көп 
ж а л а ң   ж ұ р н а қта р д а н   б ір ігіп  
ж а с а л ға н   Ж.  қ ү р а н д ы   Ж. 
болады. Омонимдік, синонимдік 
мағынадағы Ж.  бар.
Ж ІКТІК ЖАЛҒАУ 
-  негізінен 
синтаксистік  қызмет  атқарады. 
Сөйлемде әрдайым баяндауыш 
болады.  Жіюгеу  категориясы  -  
қа зір гі  қа за қ  тілінде  е тістікке  
ж эне  баяндауыш  қы Зметінде 
жұмсала  алатын  басқа  да  сөз 
таптарына,  соның  ішінде  есім - 
дерге тән.  Сөздердің жіктелуі 4 
түрлі жолмен ісже асады:  1.  Қалып


ЗАТ-ЗАТ
етістікгері, есімшелер, зат есім, 
сын  есім,  сан  есім,  есімдік, 
үстеудің  жіктелуі.  Мыс.:  «мен 
түрмын,  сен тұрсың,  ол тұр,  біз 
тұрм ы з,  сендер  тұрсы ңдар, 
сіздер тұрсыздар,  олар тұр». 2. 
-а, -е, -й, -ып, -іп, -п көсемше тұлға- 
л ары ны ң  ж ікт е л у   ү л г іс і;  3. 
Етістікгің жедел еткен шақ, шартты 
рай  тұл ға л а р ы н ы ң   ж ікте л у і 
(барды,  барса),  -  мен  бардым, 
сен  бардың,  сіз  бардыңыз,  ол 
барды  т.б.  4.  Етістіктің  бұйрық 
рай  тұлғасының  жіктелу  үлгісі. 
Мыс.:  -мен  қарайын,  сен  қара, 
сіз  қараңыз,  біз  қарайық,  сен­
дер  қараңдар,  сіздер  қараңыз- 
дар,  олар  қарасын.  Ж .ж.-дың 
ықшаццалған түлғалары да бар, 
әдеби  тілде  де  қосарланып, 
қабаттасып  қолданыла  береді. 
Мыс.:  барамын-барам, келемін- 
келем ,  аттанам ы н-аттанам , 
келеді-келед  т.б.).  Ж.т.  баян- 
дауышқа  тән  қосымша  болған- 
дықтан,  кептік,  септік,  тәуелдік 
жалғаулармен  қабат  келгенде, 
ең  соңынан  жалғанады,  мыс.: 
келу-ш і-лер-ден-біз;  студент- 
тер-ден-біз.
ЗАТ  ЕСІМ 
-   заттың  атын, 
ж а н д ы -ж а н сы з  үғы м д а р д ы ң  
атауын  б іл д ір іп ,  сө й л е м д е
негізінен  бастауыш  пен  толық- 
тауыш болатын толық мағыналы 
сөздертобы. З.е.  негізгі қызметі
-   предикаттың  субъектісін  (не 
жалпы актантын) бейнелеу.  З.е. 
мен етістіктің ерекшелігі туралы 
Әл-Фараби еңбектерінде айты- 
лады (трактат «Наука о языке»). 
Тілдегі  сөздердің  номинативті 
қызметі З.е.-нен айқын көрінеді. 
Адам  езін  қоршаған  дүниедегі 
заттар  мен  құбы л ы стард ы ң 
үғымдарын сөздермен айтса,  ол 
атаулардың  басым көпшілігг З.е 
болады . 
З .е .- н ің  
с е п т ік  
жалғаулары  бойынша  өзгеруі, 
жекелік,  көпшелік  категория- 
сының  болуы,  жалпы,  жалқы 
есім  болып  келуі,  тәуелденуі 
оның морфологиялық белгілері 
болып  табы лады .  З .е .- н ің  
синтаксистік қызметі,  көбінесе, 
бастауыш пен толықтауыш болу. 
Кейде З.е.  есіммен, есімшемен, 
есімдікпен,  сан  есіммен  тіркес- 
кенде  басыңқы  сыңарда болып, 
анықтауыштық  қызмет  атқара- 
ды.  З.е. сөйлем  құраудасеман- 
тикалық  маңызды  рөль  атқара- 
ды .  Н е гіз гі  с е м а н ти ка л ы қ 
қызметі  -   сөз  болып  отырған 
за тты   не  құб ы л ы сты   атау 
қасиетімен  байланысты.  Қазақ 
тілінің  З.е.  ж үйесі  номинация 
теориясы ны ң  объ ектісі  бола 
алған жоқ. З.е.-нің грамматикалық 
құрылымын зерттеген ғалыі^щар:


Қ.Қ.Ж үбанов,  А.Байтүрсынов, 
К.Аханов. А.Ысқақов, Ә.Төлеуов 
т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   336




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет