Салқынбай А., Абақан Е. с



Pdf көрінісі
бет147/336
Дата14.12.2021
өлшемі13,56 Mb.
#126888
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   336
Байланысты:
Салқынбай линг. Түсіндірме сөздік

КЕЛЕРШАҚ 
-  амал-әрекеттің, 
іс-қимылдың алдағы  уақытта,  я 
сөйлеп  тұр ға н   кезден  кейін 
ж үзеге  асатыны  не  аспайтыны 
туралы  түсінік  беретін  етістік 
формасы.  К.ш.  мағынасы  мен 
т ұ л ға с ы н а   қа р а й   б ө л ін е д і: 
ауыспалы  К.ш.;  болжалды  К.ш.; 
мақсатты К.ш. Ауыспалы К.ш. іс- 
ә р е к е т т ің   алда  болаты ны н 
білдіріп,  көсемшенің:  -а,  -е,  -и 
жүрнағы  қосылу  арқылы  жаса­
лады.  Болжалды  К.ш.  -  алдағы 
уақы тта  істелетін  іс-ә р е ке тті 
көрсетіп,  оның  орындалуы  не 
орындалмауына күдікті, болжамды 
аңғартады.  Есімшенің  -ар,  -ер, 
-р  жүрнағы  арқылы  жасалады.
М ы с.:  б а р а рм ы з,  к е л е р м із , 
оқырмызт.б.  Мақсатты  К.ш.  іс- 
әрекеттің алдағы уақытта жүзеге 
асу мақсатын көрсетеді. Есімшенің: 
-м ақ,  -м ек,  -б а қ,  -п а қ,  -п е к 
түлғасының  мағынасы  арқылы 
жасалады.  Кейде  көрсетілген 
ж ү р н а ққа   -шы,  -ш і  д ә н е ке р і 
қосылады.  Мыс.:  бармақпы н- 
б а р м а қш ы м ы н ,  к е л м е к п ін - 
келмекшімін.
КЕЛЬТОЛОГИЯ 
-  кельт халық- 
тарыныңтілін, әдебиетін-, тарихын, 
этнографиясын,  археологиясын 
з е р т т е й т ін   гу м а н и та р и я л ы қ 
пәндердің  кешені.  Л ингвисти- 
калық К. кельт тілдерін зертгейді. 
Кельт тілдері үндіеуропа тілдеріне 
жатады.  К.-ның  негізін  қалаған 
И.К.Цейс  (1853  ж .),  ол  кельт
және басқа үндіеуропа тілдерінің 
арасыңца фонетикалық заңдылық- 
тарды  зерттеп,  тарихи-салыс­
тырмалы морфологияның негізгі 
мәселелерін  анықтады.  Көне 
ирланд тілін зерттеген ғалымдар 
сол  тілдің  галл,  латын,  роман, 
б ри т  тіл д е р ім е н   ту ы с ты ғы н  
ашты. 1918ж. Вандриес үндіиран, 
италия  жэне  кельт  тілдеріндегі 
әлеуметтік,  мифтікжәне поэзия- 
лы к  ш ығармаларында  кезд е- 
сетін сөздерді зерттеп, олардың 
көнеден  тамырлары  жалғаса- 
тынын  дәлелдеді.  Көне  ирланд 
тілі  мен  көне  хетт  ж эне  веда 
те ксте р і  арасы нда  байланы с 
бар  екені  белгілі.  Кельт-ибер


кип-кой
ескерткіш тері  буындық  ибер 
ж а зуы м е н   ж а зы л ға н , 
оны 
испанды қ  археолог  М.Гомес 
оқып зерттеген  (XIX ғ.  20-жж.).
КИПУ 
(кечуа  тілінде  quipu  -  
т ү й ін )  -   О ң т ү с т ік   А м ерика 
елдерінде  болған  түйіндік  хат. 
Орта  Анд  аймағында  мекен- 
деген инк-индеец (Тауантинсуйу
-   XV-XVI  ғ ғ .)   арасы нда  кең 
қолданыс  тапқан.  К.-арқанға 
немесе  ағаш таяққа тізілген  әр 
түр л і  т ү с т і  ж іп те р ге   белгілі 
қаш ы қты қта  түйіндер  түйіліп 
отырған.  Кейде  түйін  ішінде 
ағаш,  тас,  бидай  т.б.  заттар 
түйілген.  Кейбір  ғалымдардың 
айтуынша К.-тек адамды жерлеу 
рәсімГүшін  қолданған  зат.
КИРИЛЛИЦА 
-   славяндар-
дың  ең  көне  әліппесі.  Көне  К. 
жасалуы  ІХ-Х  ғғ.  болған,  оның 
ә р іп т ік  қүрамы   көне  болғар 
тілінен алынған делінеді.  К.-ның 
негізі  гр е к  (Византия)  алфа- 
витінен  көшірілген.  К.  әріптері 
сандық мағынаны да берген.  Ең 
алғаш  К.  жазуымен  жазылған 
ескерткіштер  белгісіз.  К.  Русь 
еліне  X—
XI  ғғ.  христиан  дінімен 
бірге  келгені  белгілі.  Ең  көне 
жазба  ескерткіш тері  Х-ХІ  ғғ. 
жатады  (көне  болғар,  серб, 
босниялық  кітаптар).  К.  негі- 
зінде қазіргі болғар, серб, орыс, 
украин,  беларус,  Орта  Азия 
елдерінің алфав'йл жасалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   336




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет