ЖАЛПЫ СЕМАНТИКА - тіл-
дің ойға, сол арқылы адамға
тигізетін әсерін зерттеуге бағыш-
талған американдық философия
мен әлеуметтанудағы мектеп
немесе ағым. ХХ-шы ғ. 30-жж.
А .Кож ибский негізін қалаған
(1938 ж., «Жалпы семантика
институты»). КейінХалықаралық
Ж.с. қоғамы құрылады (Чикаго).
Ж.с. эклектикалы қ түрде (әр
түрлі, біріне-бірі қайшы көзқарас-
тарды араластыру) философия,
психология, әлеуметтану және
лингвистика идеяларын бірге
қарастырады. Тіл мен қоғамның
пайда болуы туралы және тіл
мен ойдың байланысы туралы
идеалистік көзқарастарға арқа
сүйеп, Ж .с.-ны қолдаушылар
адамның тәні мен жанының
сырқат болуын, әлеуметтік қиын-
шылықтардың себептерін тіл
қүрылымымен байланыстыра-
ды. Олардың айтуынша, адам-
дар сөз мағынасын әр түрлі
түсінеді, дүние жүзіндегі тілдер
адамдарға әр түрлі эсер етеді-
мыс. Сондықтан да «дұрыс»
жаңа тіл жасау керек болады.
Ж.с. идеясы Сепир-Уорф бол-
жамына ұқсас келеді.